Қамқоршылық кеңесі
Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімі және Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ арасындағы жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылар арасында құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту, қылмыстың алдын алу, болдырмау және білім беру мекемелерінде бекітілген полиция инспекторларының жұмысын үйлестіру жөніндегі 2018 жылдың 8-19 қазан аралығындағы өткізілетін бірлескен іс-шаралары жоспарының кестесіне сай 2018 жылдың 15 қазанында №48 ЖББМ №23 «тарих пәні» кабинетінде мектептің Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында кеңес төрайымы мен мүшелері, Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері С.Метеркулова, Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ бастығы полиция майоры Д.Омарова, Меркі аудандық кәмелетке жасы толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясының хатшысы М.Абдыкасымов, «Меркі тынысы» газетінің тілшісі О.Мазур, Ойтал ауылдық округінің бас маманы, мектептің құқықтық кеңесінің мүшесі М.Сатеков, округ әкімшілі Жастар бөлімінің маманы Ж.Пірімқұл, №48 ЖББМ директоры Р.Нуралбеков, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова, мектеп инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры С.Сымтыковтың қатысуымен «№48 жалпы білім беретін мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылындағы оқушылар арасында қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында АІІБ ЖҚП ЮПТ–мен бірлесе атқарылған жұмыс» тақырыбында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова мен 2018-2019 оқу жылында Білім ошағында оқитын АІІБ ЖҚП ЮПТ-ның есебінде тұрған балалар, мөлтекаудан бойынша қыркүйек-қазан айларында жүргізілген күндізгі-кешкі рейдтердің нәтижелері туралы бекітілген полиция инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры С.Сымтыковтың есебі тыңдалды. Отырыс хатшысы мектептің әлеуметтік педагогы М.Маделиев болды.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова биылғы оқу жылында мектепте 855 оқушы оқып отырғанын баяндай келе, тақырып бойынша дайындаған видеослайдтарды қолдана отырып ол өз сөзін оқушылар арасында түрлі санаттар мен ата-аналар туралы нақты сандықмәліметтермен толықтырып өтті.Сонымен қатар баяндамашы өз сөзінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алу жұмысы бойынша жұмыс жоспарын, жұмыстың құрылымы мен мақсаты, одан күтілетін нәтижелер туралы да айтып өтті.
Атқарылған жұмыстың дәлелі ретінде баяндамашы есеп барысында отырысқа қатысушыларға атқарылған жұмыстың жинақтарын таратып, таныстырып өтті.Баяндамашы есебіне қосымша рейдтер барысы, суицид, наркологиялық (санитарлық) бекет, қиын балалармен атқарылған жұмыс бағыттары туралы да баяндап өтті.
Есеп соңында орынбасардың жұмысына қатысушылар мен Меркі ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері С.Метеркулова оң баға берді.
Аталған мәселе бойынша екінші болып есеп берген бекітілген полиция инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-нің полиция майоры С.Сымтыков өз баяндамасында бүгінгі күнгі білім ошағында оқып отырған, аудандық ішкі істер бөлімінде «жайсыз отбасы» ретінде есепте тұрған ... отбасының мектеп жасындағы 5 баласы, 03.04.2018 жылдан бастап тізімдік есепте тұрған 10 « » сынып оқушысы ... туралы мәлімет бере келе, олармен және мектепте оқып отырған балалармен атқарылып отырған профилактикалық жұмыстар туралы баяндап өтті.
Мектеп инспекторының есебі бойынша сөз алған бөлім бастығы Д.Омарова оның жұмысына оң баға бере келе, жұмыс барысы бойынша атқарылатын кейбір жұмыс бағыты бойынша жұмыста кемшіліктер бар екенін де атап өтіп,мектеп әкімшілігін инспектордың құқығы мен міндеттерімен таныстырды.Сонымен қатар ол өз сөзінде басты назарды мөлтекаудандағы рейдтер мен мектепішілік кезекшілікке, төменгі буында оқитын балаларды мектептен мектеп кезекшісі мен сынып жетекшілерінің қадағалауымен тек ата-анасы мен заңды өкілдері алуына, аталған бағытта атқарылған жұмыста олқылықтың орын алу себебінен кәмелет жасына толмағандармен жыныстық қатынаста болу фактісі бойынша биылғы жылдың өзінде аудан білім ошақтарында 4 факті тіркелгенін айтып өтті.
Отырыс соңында мектеп директоры Р.Нуралбеков қатысушыларға есеп жиынына қатысқандарына ризашылығын білдіріп, мектеп инспекторының аз уақыт ішінде атқарған жұмысына оң баға беріп, бала тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысында барлық сала мамандары бірлесіп жұмыс атқарғанда ғана тиісті нәтиже болатынын айтып өтті.
Соңында қатысушылар мектеп инспекторының жұмыс орнымен танысып, инспектордың директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бір кабинетте отырғанын мектеп әкімшілігі тарапынан қабылданған дұрыс шешім деп тапты.