05
апрель
2021
«Парасатты тұлға – Ел дамуының негізгі факторы» тақырыбында шығарма байқауы
«Парасатты тұлға – Ел дамуының негізгі факторы» тақырыбында шығарма байқауы
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс – шаралар жоспарына сәйкес «Парасатты тұлға – Ел дамуының негізгі факторы» тақырыбында 8 – 10 сынып оқушылары арасында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды. Шығарма жазу байқауына 17 оқушы қатысты. Мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері З.М.Досмуханбетова мен А.М.Кинбаева шығарма жазу байқауына қатысқан оқушылардың жұмыстарын бағалады.
Нәтижесінде шығарманың тақырыбы, мазмұны ашылған, қамтылған мәселенің негізі, дәлдігі сақталған, стильдік, орфографиялық, тыныс белгіден қателері жоқ жұмыстарды саралап орындап берді. І орын – Еренсіз Айдын , ІІ орын - Аяғанова Айым, ІІІ орын – Айтбаева Эльнара.