26
январь
2022
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ" АЙМАҚТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ" АЙМАҚТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ.
2022 жылдың 26 қаңтар күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында "Тәуелсіз елім – Қазақстаным" атты аудандық-аймақтық дебат турнирі өткізілді. Дебаттың мақсаты заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру және оқушыларға Тәуелсіздік ұғымының терең екендігін түсіндіре отырып, өз ойларын орынды жеткізуге үйрету. ІІІ аймақтық – аудандық дебат турнирінде мектебіміздің «Нато» тобы Әділхан Анеля, Еңсебек Балнұр қатысты. Үйірме жетекшісі Чайдазим Қуаныш.
Турнирге қатысушылар «Қазақстан жастары патриот», «Қазақ тілінің 30 жылда көтерілген деңгейі», «Электронды кітаптың артықшылықтары, кітап оқудың пайдасы» сынды қарарлар бойынша бақ сынады. ІІІ аймақтық аудандық дебат турнирінің қорытындысы бойынша: мектебіміздің «Нато» командасы жүлделі ІІ орын иеленді. 9 «А» сынып оқушысы Әділхан Анеля «Үздік спикер» номинациясына лайық деп танылды.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!