Психологиялық-педагогикалық консилиум мәжілісі
№48 жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың 7 қарашасында мектептің мұғалімдер бөлмесіндемектеп директоры Р.Нуралбековтың басшылығымен жоспарға сай психологиялық-педагогикалық консилиум (ППК) мәжілісі болып өтті.Мәжілісті мектеп басшысы алғы сөзбен ашып берді.
Мәжіліске сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері, барлығы 17 адам қатысты.Мәжілісте бірінші болып сөз алған мектептің оқушылардың үйде оқу және инклюзивті біліммен қамту жұмысына жауапты маман, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Рахманова 2018-2019 оқу жылында 8 (сегіз) оқушы үйде оқытылатынын, оның ішінде 5 бала ЖББ, 2 бала ПДТ, 1 бала КМ бағдарламасымен; сонымен қатар 3 (үш) оқушы инклюзив білім бағдарламасымен жеке қаралыммен, оның ішінде 1 бала ЖББ, 2 бала ПДТ бағдарламасымен оқитынын баяндай келе, сынып жетекшілеріне аталған балалардан бөлек сыныптарда оқитын оқушылар арасынан дамуында тежелуі байқалатын білім сапасы төмен оқушыларды анықтап, анықталған балаларға өз және сабақ беретін пән мұғалімдері тараптарынан қажетті құжаттар мен баланың жазба жұмыстарын қосып ұсыныс, баламен жұмысқа қатысатын әрбір маман бала туралы ауызша тұжырымдама (қорытынды) берулерін өтінді.
Жиында аталған мәселе бойынша екінші болып сөз алған мектептің әлеуметтік педагогы М.Маделиев жоспарға сәйкес тізімдегі үйде және инклюзивті біліммен оқытылатын оқушылардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы тұрғылықты мекенжайлары бойынша Ойтал ауылдық округінің мамандарының қатысуымен2018 жылдың тамыз-қыркүйек айларындатексеріліп, зерделенгенін айта келе, тексеру барысында балалардың барлығы толық отбасыларында тәрбиеленіп отырғанын, үйде оқытылатын 8 баланың тек 5-уі бала жасынан мүгедек екендігін, мүгедектігіне байланысты балалар мен ата-аналары мемлекет тарапынан арнайы әлеуметтік жәрдемақы (зейнетақы) алатыны туралы баяндады.
Отырыста 1 « » сынып жетекшісі А.Бектыгулова сыныбында оқитын ... 2018 жылдың 20 қазанынан бастап бала жасынан мүгедек болып анықталғаны туралы баяндай келе, баланың өз іс-әрекетіне жауап бере алмай, сабақ процесі барысына кедергі жасауына байланысты үйде оқытылуы үшін құжаттар жинақтап, Меркі аудандық ПМПК мекемесінен тиісті қорытынды алу керектігі туралы мәселе көтерді.
Мәжіліс соңында жауапты маман М.Рахманова аталған проблема туралы хабардар екенін, қараша айында айтылған мәселе шешімін табатынын айта келе сөз соңында оқу жылы бойы өз басшылығымен аталған балалар арасында білім сапасына мониторинг жүргізіліп отыратынын, соған байланысты сынып жетекшілері әрбір тоқсан соңында сыныпта инклюзив білім бағдарламасымен оқитын балаларға тоқсандық білім сапасын дайындау туралы тапсырма берді.