№48 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуы туралы анықтама
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде білім
алушылардың жекелеген санаттарына тегін
тамақтандырудың ұйымдастырылуы туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 05.04.2021 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» 2021 жылдың 30 наурызындағы №82 бұйрығына сай 2021 жылдың 5 сәуірінде №48 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында 2020-2021 оқу жылында бекітілген атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасынан шыққан, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар мен білім беру ұйымының алқалы басқару органы (педагогикалық кеңес) айқындаған 119 (жүз он тоғыз) білім алушыға тегін тамақтандыру ұйымдастырылды.
Ұйымдастыру шарасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 46-қосымшасына сай үйлестіріліп, кезекшілер тарапынан қатаң қадағаланды.
Аталған аудандық білім бөлімінің бұйрығы мен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес мектеп директорының бұйрығы шығарылып, бұйрықта асхананың жұмыс кестесі, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар тарапынан бекітілген кезекшілік кестесі, сонымен қатар 46-қосымшаның 6-шы пунктінде көрсетілген асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан 30-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асыралады деген талапты сақтау мақсатында жасалған I- ауысымда және II- ауысымда тамақтанатын білім алушылардың тізімі саны мен тізімдері көрсетілді.
Бүгінгі тамақтануды ұйымдастыру іс-шарасында білім алушылар сынып жетекшілерінің бақылауымен кестеде көрсетілген мерзімге сай жеке гигиеналық, санитарлық талаптарды сақтай отырып, яғни, асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған қолжуғыштар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктерді қолдана, арада кемінде 2 метр қашықтықты, 5 адамнан артық емес кезекті сақтай отырып тамақтанды.Сонымен қатар үстелдерді, орындықтарды және өзге де мүкәммалды орналастыруда үстелдер арасындағы және келілер арасндағы кемінде 2 метр қашықтықты сақтау талабы да қатаң сақталды.
Дайындалған ас мәзірі мектептің медициналық қызметкерлері Г.Нурымова мен Х.Бабатова тарапынан тексерілді.
Барлық кезекшілер мен сыныптар бойынша білім алушылардың тізімі мектеп асханасында «Асхана бұрышы» стендіне ілінген.Асханада сонымен қатар «Дұрыс тамақтану» стенді де орналасқан, онда мектептің медициналық қызметкерлері жариялаған дұрыс және тиімді тамақтану туралы түрлі кеңестер мен ақпараттар ілінген.
Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы уақытта да мектеп әкімшілігі және мектеп жанындағы қамқоршылар кеңесі тарапынан қадағаланатын болады.