«Ашық есік күні» » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
21
февраль
2020

«Ашық есік күні»

№48 жалпы білім беретін мектебінің 2019-2020 оқу   жылында мектеп асханасында  оқушыларды тегін тамақпен қамту жұмысы барысында ата – аналармен мектеп асханасында «Ашық есік күні» өткені туралы 

 Анықтама 

2020 жылдың 21 ақпан мектеп  әкімшілігі 2019-2020 оқу жылының қыркүйек айындағы жоспарынан тыс  мектеп асханасында білім алушыларды, оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан 282  бала және ата – ана қамқорлығынсыз қалған 1 баланы бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы барысында мектеп  асханасында балалардың ата – анасымен «Ашық есік күні»  іс – шарасын ұйымдастырды.

Мектепте 2020 жылдың 27-27 ақпаны аралығында "Мектеп асханасы" мектепішілік іс-шаралар жоспары ұйымдастырылды. Осыған орай "Дұрыс тамақтану" бұрышы безендіріліп, тыйым салынған заттар тізбесі ілінді. Мектеп асханасында тегін тамақпен қамтамассыз етілген білім алушылардың ата-аналарымен іс-шара жоспарына сай ұйымдастырылған "Ашық есік" күнінде ата-аналарға пісірілген тамақтың сапасы, ас мәзірінің құрамы таныстырылды. Тамақ сапасына қойылатын талаптардың дұрыс орындалып жатқанына ата-аналар көз жеткізді. Асхананың тазалығына, қайнатылған сулардың сапасына, аспазшылардың ас даярлау шеберлігіне ата-аналар риза болды. Өз кезегінде ата –аналар дайындалған  тағамдардың сапасы, дәмі және  түрімен  танысып, асхана аспазшылары Ж. Шыныбековаға ризашылықтарын білдірді.

           Мектеп  бойынша білім алушылардың  бір мезгіл тегін тамақпен қамту  жұмысына   жауапты маман директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Султанбекова мектеп директорының 02.09.2019 жылғы  №57 бұйрығымен  құрылған   тамақтандырудың сапасына   мониторинг жүргізу жөніндегі   комиссия төрағасы мектеп директоры Р. Нуралбеков, мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы А. Бейсембетова, медицина қызметкері Г. Нурымова,  ата – аналар комитетінің төрайымы Г. Даулетбаева  бірнеше ата – анамен  асхана ішін   аралап, онда  жалпы асхана жұмысы  балалардың тамақтануы мен  олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған  ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен   таныстырды.

Аталған күні балаларға  сол күнгі ас мәзіріне ( менюге) сәйкес тағамдар  дайындалып берілді.

Іс – шара  барысында М. Султанбекова  ата – аналарға: сабаққа келмей қалған оқушылар санын  сынып жетекшілерінің көмегімен  күнделікті анықтап,оларды «Д» тобындағы оқушылармен алмастырылып отыратынығы, күнделікті мектеп медицина қызметкерлері тарапынан қадағаланып отыратыны туралы, алдағы уақытта да аталған  бағытта  тиісті   жұмыстар атқарылатынын айтып өтті.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив