№48 ЖОББМ-де ақпан айында аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамту жұмысы туралы Анықтама » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » №48 ЖОББМ-де ақпан айында аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамту жұмысы туралы Анықтама
09
февраль
2022

№48 ЖОББМ-де ақпан айында аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамту жұмысы туралы Анықтама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына сәйкес мектеп асханасында 2022 жылдың 7 ақпанынан бастап аз қамтылған отбасынан шыққан 130 (жүз отыз) білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылуы тиіс, алайда 2022 жылғы 12 қаңтардағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің 2022 жылғы 15 қаңтарындағы №18-2/62, 18-2/63 және Меркі ауданының білім бөлімінің 2022 жылғы 16 қаңтардағы хаттарына сәйкес дәстүрлі оқыту форматында оқитын 1-4 сыныптар, 9 және 11 сыныптар білім алушылары арасынан аз қамтылған отбасынан шыққан 64 (алпыс төрт) білім алушы Меркі ауданы білім бөлімі берген тамақ мәзірлерінің тізіміне сәйкес нақты мектеп асханасында тегін тамақпен қамтылып отыр.

Балалардың мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақтануына мектеп әкімшілігі, асхана қызметкерлері тарапынан барлық жағдай жасалынып, олардың уақтылы 2 ауысымда тамақтануына сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып қадағалануда.Асхана жұмысы мен балалардың тегін және ата-ана есебінен тамақтануы карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру барысындағы шектеу іс –шаралары туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И хаты мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хатына сәйкес жүзеге асырылуда.Бүгінгі күні I-ауысымда 30, II- ауысымда 34 білім алушы тамақпен қамтылып отыр.

Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру, жалпы асхананың санитарлық талапқа сай қызмет жасауын қадағалау мақсатында 2021-2022 оқу жылында мектеп басшысының 01.09.2021 жылғы №243 бұйрығына сәйкес тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы бекітіліп, комиссияның жылдық жұмыс жоспары құрылды.Комиссия құрамы апта сайын асхананың санитарлық жағдайын, тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауын, ас мәзірінің дұрыс әзірленуін, сақталуын, ас әзірлейтін азық-түлік пен дайындалған астың сапасын, аспазшылардың денсаулығын, тазалығын тексеріп, анықтап, қорытындысын комиссия хатшысы тексеру журналына жазып отырады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив