04
октябрь
2021
№48 ЖОББМ-де қыркүйек айында аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамту жұмысы туралы


Балалардың мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақтануына мектеп әкімшілігі, асхана қызметкерлері тарапынан барлық жағдай жасалынып, олардың уақтылы 2 ауысымда тамақтануына сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып қадағалануда.Асхана жұмысы мен балалардың тегін және ата-ана есебінен тамақтануы карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру барысындағы шектеу іс –шаралары туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И хаты мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хатына сай жүзеге асырылуда.Бүгінгі күні I-ауысымда 50, II- ауысымда 49 білім алушы тамақпен қамтылып отыр.
Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру, жалпы асхананың санитарлық талапқа сай қызмет жасауын қадағалау мақсатында 2021-2022 оқу жылында мектеп басшысының 01.09.2021 жылғы №243 бұйрығына сәйкес тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы бекітіліп, комиссияның жылдық жұмыс жоспары құрылды.Комиссия құрамы апта сайын асхананың санитарлық жағдайын, тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауын, ас мәзірінің дұрыс әзірленуін, сақталуын, ас әзірлейтін азық-түлік пен дайындалған астың сапасын, аспазшылардың денсаулығын, тазалығын тексеріп, анықтап, қорытындысын комиссия хатшысы тексеру журналына жазып отырады.