Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссияның мектеп асханасының жұмысын бақылау » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссияның мектеп асханасының жұмысын бақылау
18
февраль
2022

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссияның мектеп асханасының жұмысын бақылау

Біздер, №48 жалпы орта білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссия мүшелері: төраға, мектеп директоры Б.Ахметбеков, мүшелері: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова, ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Даулетбаева, қамқоршылық кеңес мүшесі Б.Ниязалиева, мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Бейсембетова, медициналық қызметкер Х.Бабатова мен әлеуметтік педагог М.Маделиев 2022 жылдың 18 ақпанында мектеп асханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылдың 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хаттары мен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысында көрсетілген шектеу іс –шараларының талаптарын, оның ішінде карантин кезіндегі мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруда қойылған талаптардың сақталуын, орындалуын тексердік.
Іс-шара барысында бірінші кезекте асхананың санитарлық тазалығы, асхананың толымдылығы 30%- тан артық болмау шарты, әлеуметтік қашықтықты сақтау, үстелдер мен келушілер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы, едендегі белгілер, қоршаулар, тосқауыл таспалар жүргізілуі, тамақтанарда білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы, ас мәзірінің дұрыс әзірленуі, сақталуы, аспазшылардың тазалығы, тағам дайындау технологиясында тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп санитарлық талаптарды сақтау бойынша кемшіліктер анықталмады, алайда асхана терезелеріне арнайы торлар (сетка) орнату қажеттігі анықталды. Алдыңғы тексеріс кезінде анықталған кемшіліктер жойылып, тамақтанатын үстелдер үстіне жаңа төсегіштер (кленкалар) жаңартылып, тағамның таза салмағын өлшейтін таразы жөнделген.
Бүгінгі күнде мектеп асханасында аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп отырған 130 (жүз отыз) бала 2 ауысымда бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отыр шыққан.
Тексеріс нәтижесі комиссияның жүргізген тексерулерін тіркеу туралы журналына жазылып, мектеп директорымен бекітілді.Асхананың тазалығы мен дайындалған тағамдардың сапасына лебіз және арыз-шағымдарды тіркеу журналына ата-аналар тарапынан шағым тіркелмеген.
Аталған жағдай туралы акт толтырылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив