Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторингісі
№48 ЖОББМ бойынша тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторинг жүзеге асыру бойынша жұмысының қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
Ойтал ауылы 8 қараша 2023 жыл
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №95 бұйрығы мен "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарына сәйкес 2023 жылдың 8 қарашасында №48 жалпы орта білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрамы мектеп асханасының санитарлық талаптарға сәйкес қызмет ету жұмысына мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижесі бойынша акт рәсімделіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жауапты мамандарға кемшіліктерді жою туралы келесі ұсыныстар берілді:
- Асхананың сақтау қоймасында жеткізілген тағам өнімдерінің ыдыстарының сыртында өнім атаулары жазылған маркировкаларды жазу, орнату мектептің шаруашылық меңгерушісі Е.Бейсеналиевке жүктелді.
- Асхана қоймасынан артық орындықтарды шығару аспазшы Б.Алимбековаға жүктелді.
Анықталған кемшіліктерді жоюға комиссия тарапынан 5 (бес) жұмыс күні ұсынылды.