Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторингісі
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның мониторинг жүргізу барысында анықтаған кемшіліктердің жойылғаны туралы Анықтама
Ойтал ауылы 1 қараша 2023 жыл
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №95 бұйрығы мен "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының талаптарына сәйкес 2023 жылдың 26 қазанында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай - комиссия) құрамы мектеп асханасының санитарлық талаптарға сәйкес қызмет ету жұмысын тексерді.
Тексеріс кезеңінде мектеп асханасында аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес мектеп асханасында бастауыш 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 351 білім алушы мен жекелеген санатта 5-11 сыныптар аралығында оқитын 29, жалпы саны 380 (үш жүз сексен) білім алушы бір мезгіл тегін тамақпен қамтылған.
Тексеріс барысында комиссия тарапынан 70 орындық асхананың санитарлық талапқа сай қызмет жасап отырғаны, тағамдар бүгінгі бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалғаны, тамақтану бөлмесінде қол жуатын орындарда қол сүртетін қағаз кептіргіштердің пайдаланылатыны, білім алушылар тамақтанар кезде қолдарын жуып, жеке гигиеналық талаптарды сақтайтыны, асханада тыйым салынған тағамдар мен өнімдер дайындалмайтыны, сатылмайтыны, сусымалы тағамдар арнайы ыдыстарда (контейнер) сақталатыны, жеткізілген тағам өнімдерінің пайдалану мерзіміне сәйкестігі, сонымен қатар асхананың тамақтану залында орналасқан стендтердің ескіргені, ас блогында сусымалы өнімдерді сақтауға арналған контейнерлер мен асхананың тамақтану залына электрлі қол кептіргіштердің жоқтығы анықталған.
Аталған кемшіліктер ұсынымда көрсетілген 5 жұмыс күнінде мектептің әлеуметтік қызмет маманы Н.Сейітқазиева тарапынан жойылып мектеп асханасына жаңа стендтер орналастырылды. Ас мәзіріне арналған арнайы стенд асхананың білім алушыларға тамақ үлестіру нүктесінің жанына орналастырылды.Қосымша білім алушылардың мектеп асханасында тегін және жеңілдетілген тамақтануына жауапты маман, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова тарапынан асхана терезелеріне орналастырылған перделер жалюздармен ауыстырылды.
Сусымалы өнімдерді (күріш, тары, түтікше, қарақұмық және т.б.) сақтауға арналған контейнерлер мен асхананың тамақтану залына электрлі қол кептіргіштер 31.08.2023 жылғы №409 Қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес өнім беруші Токсеитовқа Азимхан Тулегенович тарапынан жеткізіліп, орнатылды.
Анықтаманы дайындаған: жауапты маман М.Маделиев