«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» онкүндігін ұйымдастыруда дөңгелек үстел іс-шарасының өтуі туралы
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» онкүндігін ұйымдастыруда дөңгелек үстел іс-шарасының өтуі туралы
Меркі ауданының білім бөлімінің салауатты өмір салтын насихаттау және тамақтандыру жұмысының сапасын арттыру мақсатында «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбыңда онкүндігін ұйымдастыру іс-шара жоспарының аясында 2025 жылғы 19 қыркүйегінде №48 жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай-комиссия) мүшелері мен директордың оқу-тәрбие орынбасарлары және аспазшы мен бірнеше сынып жетекші ұстаздардың қатысуымен «Тазалық-ағза саулығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шараны комиссия төрағасы, мектептің директоры Б.Ахметбеков алғы сөзбен ашып беріп, қатысушыларға республиканың барлық білім ұйымдарындағы өзекті мәселенің бірі жасөспірім мен балалар арасында өмір қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алу және білім алушыларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту деп айта келе, іс-шараға қатысушыларды комиссия жұмысымен, әрбір мүшенің функционалдық міндеттерімен, жалпы 2025-2026 оқу жылында мектеп асханасында тегін және ата-ана есебінен тамақтанып отырған білім алушылардың санымен, мектеп асханасының санитарлық жағдайымен, азық-түлік тауарларын мектеп асханасына жеткізуші кәсіпкер, мердігер «Токсейтов А.Т.» ЖК жұмысымен, жалпы аталған онкүндіктің мақсат, мүддесімен таныстырды.
Төраға сонымен қатар қатысушыларға дұрыс және тиімді тамақтану, оның адам ағзасына пайдасы туралы айтып өтіп, мектеп асханасында тағам мәзірлері облыстық білім басқармасы мен мердігердің диетолог мамандары тарапынан дайындалатынын, биылғы оқу жылында былтырғы оқу жылымен салыстырғанда ас мәзірі мен бір мезгіл тегін тамақтанатын балалар санында да біраз өзгешіліктер бар екенін айтты.
Өз кезегінде онкүндік аясында әрбір сыныптарда білім алушылары арасында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында сыныптық іс-шаралары өтті. Іс-шараларғамектептің медициналық қызметкерлері Бабатова Хадижат Хизриевна мен Джазбакова Кумис Умаровна қатысып, білім алушыларға дұрыс және тиімді тамақтану, витаминдерді пайдалану тақырыптарында дәрістер оқыды
Білім алушылар мен педагог ұжымға дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында«Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында мектеп асханасында арнайы стендтер орналастырылған.
Барлық жоспарланған іс-шаралар жауапты мамандар тарапынан алдағы онкүндік аясында ұйымдастырылып өткізілетін болады.