«Ашық есік» күні
«Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс – шарасы аясында ата-аналар үшін «Ашық есік» күнінің өткізілгендігі туралы анықтама
2020 жылдың 27 қаңтар – 27 ақпаны аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс – шарасы аясында №48 жалпы білім беретін мектебінде ата-аналар үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Мектептегі білім алушылардың тамақтың сапасына мониторинг жүргізетін комиссия мүшелері, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мектеп әкімшілігі, ата-аналар ұйымдастыру бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп асханасы жұмысымен танысып, осы саладағы бір қатар өзекті мәселелерді анықтап, бракераж комиссиясы құжаттардың жүргізілуіне назар аударды.Ашық есік күнінде бекітілген ас мәзірінің болуы, ас мәзіріндегі тағамдардың әр түрлі болуы, оқушылардың тамақтану режимі, тамақтану кестесі ата-аналардың шағымдары мен ұсыныстары жазылатын журналдар, қол жуатын орындардың болуы, ас дайындайтын бөліктердің тазалығын, мектепте тамақтандыру мөлшерінің бірыңғай тамақтану стандарттарына және санитарлық талаптарға сәйкестігі, ас мәзірі мен сәйкестігі, ас дайындалуы, берілу жайы, асхананың жұмыс уақыты, мектеп асханасының рәсімделуі, заманауи талаптарға сай безендірілуі қаралды. Мектепте тамақтандаруды ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 - тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілерінен қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 7 – қосымшасы басшылыққа ала отырып, бірыңғай перспективалық ас мәзірі пайдаланады. Ата-аналарға тыйым салынған тағамдардың сатылмауы туралы барлық жұмыс реттілігінің барысымен таныстырылды.
Мектеп асханасында 283 білім алушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген, қалған білім алушылар ата-ана есебінен тамақтанады.
Мектеп асханасына көрсетілетін қызметті «Карабаев» ЖШС жүзеге асыруда.