Мектеп асханасындағы тамақтың сапасын анықтау мақсатында алынған сауалнама қорытындысы
№48 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 1 – 11 сынып білім алушылары және олардың ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар мен олардың ата–аналарынан мектеп асханасындағы тамақтың сапасын анықтау
мақсатында алынған сауалнама қорытындысы туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 6 қазан 2023 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 2023-2024 оқу жылында №48 жалпы орта білім беретін мектебінің асханасында бүгінгі күні жекелеген санатта 23 отбасынан шыққан 52 (елу екі) білім алушы, жалпы саны 380 білім алушы тамақтануда.
01.09.2023 жылы мектеп директоры бекіткен 2023-2024 оқу жылында жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін және ата-ана есебінен тамақтандыру бағыты бойынша атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 5-6 қазан күндері мектеп асханасында тамақтанып отырған 139 бастауыш 1 – 4 сынып білім алушылары және жекелеген санаттағы 52, сонымен қатар ата-ана есебінен 5-11 сыныптар арасында тамақтанып отырған 168 білім алушы мен олардың ата – аналарынан мектеп асханасындағы тамақтың сапасын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды.
Сауалнамаға 1-1 сыныптар арасынан жалпы саны 359 білім алушы қатысты. Сонымен қатар қазақ сыныптарынан 23 ата – анадан, орыс сыныбынан 16 ата – анадан, жалпы саны 69 ата-анадан сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы төмендегі нәтижені көрсетті:
№ | Сұрақтар | Жауаптар саны | Сапалық көрсеткіш % |
«Тағамға балалардың көзқарасы»
1 | Біздің мектептің асханасында тамақтың дайындалуы саған ұнайды ма? | 359 | 100 % |
2 | Сен қаншалықты жиі мектеп асханасында тамақтанасың? а) күнделікті б) кейде в) асханаға бармаймын, қымбат | 227 152 18 | 63,3 % 42,3 % 5,0 % |
3 | Қандай тағамның түрлері саған ұнайды? | 359 | 100 % |
4 | Ыстық тағам сенің оқу үлгеріміңді жақсартады деп ойлайсың ба? | 341 | 94,9 % |
5 | Дұрыс тамақтанбаудың қандай ауруларға апаратындығын білесің бе, олардың атауларын келтір | 318 | 88,1 % |
«Тағамға ата – аналардың көзқарасы»
1 | Мектеп тағамын ұйымдастыру жүйесі Сізді қанағаттандырады ма? | 39 | 100 % |
2 | Сіз мектеп ыстық тағамының ұйымдастырылуын ұтымды санайсыз ба? | 39 | 100 % |
3 | Балаңызға мектеп асханасында тамақтану ұнайды ма? | 39 | 100 % |
4 | Әрдайым асханада мектеп ас мәзірімен танысу мүмкіндігіңіз болады ма? | 24 | 61,5 % |
5 | Мектеп асханасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз | 32 | 82,3 % |
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мектеп асханасындағы тағам өнімдерінің сапасын анықтау мақсатында алынған сауалнама қорытындысы бойынша мектеп асханасынан тамақтанатын жалпы 359 білім алушыдан қойылған сұрақтарға жауап алынды.Сонымен қатар 39 ата – анадан алынған сауалнама қорытындысы бойынша мектеп асханасының тамақ сапасы қанағаттанарлық деген шешім қабылданды.
Ұсыныс:
1. Мектеп асханасындағы тамақтың сапасын қадағалау мақсатындағы атқарылатын жұмыс бағыты жоспарға және санитарлық талапқа сәйкес жүйелі түрде жүргізілсін.
2. Мектеп асханасындағы білім алушылардың тамақтануы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссия тарапынан оқу жылы бойы үздіксіз қадағалансын.
3. Мектеп асханасында тегін тамақпен қамтылған 380 білім алушының тамақтануы сынып жетекшілері мен бекітілген кезекшілер тарапынан оқу жылы бойы қатаң қадағалансын