«Асхана жұмысына ата-аналардың көзқарасы»
«Асхана жұмысына ата-аналардың көзқарасы» атты сауалнаманың қорытындысы туралы
анықтама
2019-2020 оқу жылында №48 жалпы білім беретін мектебінде ата-аналардан «Асхана жұмысына ата-аналардың көзқарасы» атты сауалнама алынды. Сауалнама алу кезінде мектепте тегін тамақпен қамтамыз етілген оқушылардың ата-аналарынан алынды.
Мақсаты: оқушыларды мектеп асханасына тамақтануын тиімды ұйымдастыруға ата-ананың көзқарасы
1. Мектеп тағамын ұйымдастыру жүйесі сізді қанағаттандыра ма? Иә-100%
2. Сіз мектеп ыстық тағамының ұйымдастырылуын ұтымды санасыз ба? Иә-100%
3. Балаңызға мектеп асханасында тамақтану ұнайды ма? Иә-100%
4. Әрдайым мектеп асханасының ас мәзірімен танысып тұрасыз ба? Иә – 78%, жоқ - 22%
5. Мектеп асханасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз?
Ата-аналардың басым көпшілігі ұсынысымыз жоқ барлығы «қанағаттанарлық» және таза, жарық, тамақтары дәмді деп жауап берді. Нақтырақ айтар болсақ, Жартаева Дана, Айтбаева Майра, Салаева Биба, Николаев Владислав, Сергеев Виктор, Әбдіқалықова Гүлжан есімді ата-аналар мектеп асханасында пісірілетін тағамдардың сапасына көңілдері толатындықтарын айтып өтті.