ББЖМ ата-аналармен жиналыс
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығы негізінде №48 жалпы орта білім беретін мектебінде 4,9 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде: 1. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібімен таныстыру; 2. ББЖМ дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 1 мәселе бойынша білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібімен мектеп директоры Б.Ахметбеков және ДОТІЖО А.Асилбекова таныстырды. ББЖМ осы жылдың сәуір айында кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, мектеп базасында өткізіледі. ББЖМ 4-сыныптарда оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі. ББЖМ 9-сыныптарда оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үштілде (қазақ, орыс және ағылшын) бір бағыт бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыш ақпараттарды пайдалануға, мобильді телефондар, электронды жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, калькуляторлар қолдануға тыйым салынатындығы ескертілді. Ата-аналарға білім алуышыларды дайындық кестесі бойынша қосымша сабақтарға келуін ұйымдастыруды бақылау тапсырылды. Және өзге де әртүрлі мәселелер бойынша талқыланды. Ата-аналардан психологиялық сауалнама алынды. Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына жауаптар берілді.