11
ноябрь
2022
Ата-аналар жиналысы
2022жылдың қараша айының 11 жұлдызында №48 жалпы орта бертін мектебінің акт залында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста білім алушылардың тұрғын үйден тыс жерде болған уақытта оларды қадағалау мақсатында балалардың телефондарына ата-аналық бақылау бағдарламасын орнатып, оның ішінде интернетті бақылаусыз пайдалану және әлеуметтік желілерде сөйлесу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді,. Одан басқа білім алушыларды мектептен, әсіресе кешкі мезгілде күтіп алу мәселесі талқыланды. Жиында сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша мектеп әкімшілігі және Меркі АПБ ЖПҚ УУИ полиция капитаны Давлетов Абзал Сейтказыұлы тарапынан түрлі кеңестер беріліп, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.