Қамқоршылық кеңес отырысы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Қамқоршылық кеңес отырысы
06
ноябрь
2020

Қамқоршылық кеңес отырысы

№48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы 

 Қамқоршылық кеңес отырысының өткені туралы

Анықтама


Ойтал ауылы                                                                                                                                     06.11.2020 жыл

            

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, жыныстық сипаттағы қылмыстың алдын алу, бала қауіпсіздігі мен балалалар арасында жол  қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған бірнеше Жамбыл облысы әкімдігіңің қаулыларының орындалуын қадағалау мақсатында 2020 жылдың 5 қарашасында сағат 12.00-де №48 жалпы білім беретін мектебінің №1 «биология пәні» кабинетіндеҚамқоршылық кеңес мүшелері кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, жыныстық сипаттағы қылмыстың алдын алу, бала қауіпсіздігі мен балалар арасында жол  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «жайсыз отбасы» ретінде тізімдік есепте тұрған, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және қиын өмірлік жағдайға қалған балалармен атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы мектеп инспекторы –Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Б.Айжарыковтың есебін тыңдады.

Отырысты мектеп директоры Б.Ахметбеков ашып беріп, қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен таныстырып өтіп, Содан кейін басшы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, жыныстық сипаттағы қылмыстың алдын алу, бала қауіпсіздігі мен балалалар арасында жол  қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған Жамбыл облысы әкімдігіңің қаулыларына сай білім ошағында 2020 жылдың қыркүйек-қараша ай аралықтарында көптеген іс-шаралар атқарылғанын, атап айтқанда қазан-қараша айларында Дүниежүзіік балаларды қорғау күніне «Бала құқығы-адам құқығы»   тақырыбанда айлық жүріп жатқанынын, сонымен қатар күннің қысқарып, суытуына байланысты кезекші 1 сыныптардағы балалардың Жол қауіпсіздігін сақтау, балаларды мектепке алып келу, алып қайту және мектептің күрделі жөндеу жұмысының барысы, жылыту науқанының басталуы, жалпы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім ошағында балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында санитарлық талаптардың қатаң сақталуы, мектепішілік кезекшіліктер  туралы айтып өтті. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп инспекторы- Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ  УПИ полиция капитаны Б.Айжарыковтың есебі тыңдалды. Инспектор есебінде бүгінгі күнгі аудандағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың жалпы жағдайы бойынша мәлімет бере отырып, 2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында аталған бағытта өз тарапынан атқарған жұмысына, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, жыныстық сипаттағы қылмыстың алдын алу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.Инспектор өз сөзінде №48 жалпы білім беретін мектебі бойынша түрлі есепте тұрған балалар санына, есепке алынған балалармен мектеп әкімшілігімен бірлесіп балалар арасында жол  қауіпсіздігін сақтау, өгей әке-шешелерімен тұрып жатқан балалармен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтіп, бүгінгі күні білім ошағы бойынша 7 бала тәрбиеленіп отырған 5 «жайсыз» отбасы Меркі АІІБ-де тіркеуде тұрғанын, 12 оқушы өгей әке-шешесімен тұрып жатқанын, жаз мезгіліндегі күндізгі-түнгі рейдтерде ұсталған 7 оқушы мектепішілік есепте тұрғанын, Малтабаровалар отбасының 3 баласы 2020 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Тараз қаласында орналасқан бейімдеу орталығында тәрбиеленіп отырғанын, аталған балаларға қатысты анасы Малтабарова Сандуғаш Ермекқызын ата-аналық құқығынан айыру жөнінде Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі   мамандандырылған ауданаралық сотына өтініш тапсырылғанын, тапсырылған өтінішке байланысты сот процесі 2020 жылдың қараша айында басталатынын баяндады.



Қамқоршылық кеңес мектеп инспекторының есебін тыңдап, талқылай отырып мектеп инспекторы- Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ   УПИ полиция капитаны Б.Айжарыковтың есебі қанағаттанарлық деп танылсын және бала өмір қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары мектеп және мектеп ауласында   күшейтілсін, мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшіліктерде жауапкершілік арттырылсын, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім ошағында санитарлық талаптардың сақталуы әкімшілік тарапынан үздіксіз қадағаланылып, күшейтілсін деген шешім қабылдады.


                            Кеңес төрағасы                              Ш.Бидайбаев

                            Кеңес хатшысы                              М.Маделиев

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив