22
ноябрь
2022
"Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек" тақырыбында өткізілген семинар тренинг
22.11.2022 жылы №48 жалпы орта білім беретін мектебінің ДТІЖО А.Барлыбаева, мектеп психологы З.Тулебаева, кәсіптік бағдар беру педагогы К.Аманова, мектеп медбикесі Х.Бабатова және 9,10 сынып білім алушылары Меркі аудандық орталық емханасының "Ұшқын" жастар денсаулық орталығында "Мейірімді болса жүрек - орындалар тілек" тақырыбында өткізілген семинар тренингке қатысты. Тренинг барысында "Ұшқын" жастар денсаулық орталығының психолог маманы Метеркулова А.Н. және СӨС дәрігері Мухаметкалиева А.Н. "Ұшқын" орталығының жұмысымен, арнайы жабдықталған кабинеттермен, мақсатымен таныстырды. Орталыққа өмірлік қиын жағдайға тап болған, күйзелісте жүрген немесе жай ғана кеңес алу мақсатында жүгінуге болатындығы айтылды. Семинар барысында мамандар оқушылармен түрлі ойындар ұйымдастырды. Семинар соңында қатысушыларға "Алғыс хаттармен" марапатталды. Оқушылар жақсы көңіл күйде қайтты.