01
ноябрь
2021
«Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар - коучинг
Қазақстан Республикасының 27.12.2019 жылғы №293 –VI қабылданған «Педагог мәртебесі» туралы Заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығын таныстыру мақсатында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 1- қараша күні ұжымдағы педагогтар арасында «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар - коучинг өткізілді.
Мектеп директоры: Ахметбеков Берік Ахметбекұлы семинардың ашылу салтанатында кіріспе сөзін сөйлеп, семинардың мақсат - міндеттерімен таныстырды.
Семинардың мақсаты:
Педагогикалық әдеп туралы түсінік беру, мұғалім мен оқушылардың арасында жақсы қарым- қатынас орнатуға ықпал жасау;
Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір - біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл -күйлерін көтеру;
Міндеттері:
Мұғалімдердің ізеттілік тұрғысындағы қажеттіліктерінің, көзқарастары мен ұстанымдарының қалыптасуын қадағалап, бағыттау.
Оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;
Өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға);
Педагогтік әдепті сақтауға;
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
Күтілетін нәтиже:
Педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды, демократиялық стильді ұстанады;
Білім алушылардың тұлғасына құрмет көрсетеді және жоғары адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларына бейімділік танытады.
1. Семинар-коучинг мектеп психологы: Тағайбаева Айнаштың «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» тақырыбында тренингімен басталды.
2. «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында Сауле Ахилбаева мен Гүлзағира Султанова коучинг жүргізу арқылы педагогикалық әдептің негізгі қағидаттарымен (адалдық, әділдік, патриотизм) таныстырды.
Коучинг барысында: әртүрлі материалдар, интерактивті әдістер, педагогикалық әдеп қағидалаларын қалыптастыруға тапсырмалар, мақсатына жету барысында проблемалық сұрақтар, презентациялар, топпен жұмыс әдіс- тәсілдері,аудио және видео материалдар қолданылды. Семинар -коучинг екі тілде жүргізілді.
Семинар соңында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жүргізілуіне жауапты маман Рахманова Майра Сакенқызы кері байланыс жасап, семинарды қорытындылады.
К.Д.Ушинский айтқандай «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді».
Жауапты: ДОІЖО М.С.Рахманова