«Білім алушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында мектепішілік семинар » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » «Білім алушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында мектепішілік семинар
26
февраль
2022

«Білім алушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында мектепішілік семинар

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының 2 міндетін іске асыру мақсатында және №48 жалпы орта білім беретін мектебінің даму жоспарына сәйкес  жылдың 12 наурызында  мектептің акт залында «Білім алушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
 Семинар директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары К.Айдарбекова тарапынан ұйымдастырылып, іс-шараға мектеп әкімшілігі мен мектептің педагогикалық ұжымы қатысты.
      Іс-шараны мектеп директоры Б.Ахметбеков алғы сөзбен ашып беріп, қатысушыларды семинардың күн тәртібіндегі мәселесімен таныстырды. Таныстыру сәтінен кейін бағдарлама жоспарына сәйкес мектеп психологі А.Тагайбаева педагог ұжыммен «Жақсы көңіл-күйге шақырамын» тренингін өткізді.
Семинарда негізгі мәселе бойынша сөз алған директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары К.Айдарбекова қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырып өтіп, негізгі семинар тақырыбымен ұжымды өзі таныстыратынын, басқа жоспарланған тақырыптар бекітілген мамандар тарапынан тиісті әдістемелік бірлестік мұғалімдерімен арнайы бекітілген кабинеттерде өткізілетінін айтты. Маман тақырыпқа байланысты дайындаған видео слайдтарды қолдана отырып қатысушыларды түрлі  халықаралық зерттеу түрлерімен, олардың Қазақстан Республикасында алғашқы өткен кезеңдерімен, олардың нәтижелерімен таныстырып өтті. Таныстыру барысында маман функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Яғни білім алушылардың алған теориялық білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу сауаттылығы екенін айтты. 
       Семинар жұмысы «Оқу сауаттылығы», «Математикалық сауаттылық» және «Жаратылыстану сауаттылығы» болып 3 бағытта жалғасын тапты.
 «PISA зерттеулері аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту дағдылары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Арипбаева мен химия пәнінің мұғалімі М.Акылова «TIMSS типтік тапсырмаларын пәнаралық байланыста пайдалану»  тақырыбында
шеберлік сыныптарын  көрсетті. «Развитие функциональной грамотности чтения учащихся в рамках проведения международного исследования PISA» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Нарматова, «Негізгі құзыреттілік және жаңа сауаттылық»  тақырыбында математика пәнінің мұғалімі Р.Сейілжан, «Формирование функциональной грамотности учащихся на уроках географии» тақырыбында география пәнінің мұғалімі М.Худайбергенова өз баяндамаларын оқыды. 
Семинарға қатысушылар арасында аталған тақырыптар төңірегінде пікірталас болып, тақырып барысы кең көлемде талқыланды. 
       Семинар жұмысын қорытындылау барысында өз іс-тәжірибелерімен бөліскен педагогтер арнайы мадақтама қағазымен марапатталды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив