14
март
2022
«Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз» атты көрме
Мектеп кітапханашылары Г. Садыковамен М.Косымбетова 14 наурыз күні № 48 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз» атты көрме ұйымдастырды.
Мақсаты: халқымыздың ғасырдан ғасырғажалғасып келе жатқан салт дәстүрін балалардың бойына дарыту. Балалардың өз халқына, ұлтына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру тіл мәдениетіне, ұлттық сана сезіміне әдептілік пен әсемділіке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқушыларға түсіндіру жұмысы жүргізілді Наурыз – бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдын басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып- жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз! Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!
Наурыз сөзі парсы тілінде «Жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн ата бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы.Бұл күні күн мен түн тенесіп, күн түннен ұзара береді.
Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже.
Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылдылық, молшылық, мәнді де дәмді, татымды өмір болсын деген ырыммен жасалады.