26
май
2022
ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы "26" мамырдағы N240 шығыс хатына, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 27.04.2022 жылғы N02-1299 хатына және Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 03.05.2022 жылғыN570 шығыс хатына сәйкес білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында ЖАЗҒЫ МЕКТЕП оқытуы №48 жалпы орта білім беретін мектебінде 26 мамырдан бастап ұйымдастырылды. Жазғы мектепке жалпы саны- 296 білім алушы қамтылды. 1—4 сыныптан — 96 (қазақ, орыс сыныптарынан құралған) білім алушы, 5—8, 10 сыныптардан — 200 (қазақ, орыс сыныптарынан құралған) білім алушы қатысуда. 9 бен 11 сынып білім алушылары мемлекеттік емтихан тапсырады.
Жазғы мектептің жұмыс жоспары мен сабақ кестесі құрылып, бекітілген. Оқу пәндері бойынша сабақтың ұзақтығы - 40 минут, күніне 3-4 сабақ. Негізгі пәндер бойынша сабақтар оқу жылының ең маңызды тақырыптарын қамтыды. Сабақ кестесіне балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық "кітап сүйгіштер" кітап оқу қосылған. Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлері: волейбол, футбол, баскетбол және т.б. бойынша сабақтар ұйымдастырылған. Жазғы мектеп білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды. Үй тапсырмасы берілмейді. Ата—ананың немесе заңды өкілінің өтініштері жинақталған. Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру кезінде мұғалімдер ағымдағы оқу жылына бекітілген жүктемесі аясында 17 маусымға дейін жұмыс істейді.