29
декабрь
2022
«Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» тақырыбында жаңа жылдық шырша мерекесі
2022 жылдың 27 - 29 желтоқсан күндері аралығында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» тақырыбында жаңа жылдық шырша мерекесі 0-11 сынып білім алушыларына ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның әдемі де сәнді безендірілгенін мән беру, балаларға көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Мектебіміздің шырша мерекесіне 0 – 11 сынып білім алушылары қатысты. Жаңа жылдық шырша мерекесінің алғы сөзін мектебіміздің директоры Ахметбеков Берік Ахметбекұлы бастап, Меркі ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, мектебіміздің кураторы Бопиева Сапаркуль Турганбаевна шырша мерекесіне келген барлық білім алушыларды және ұстаздарды келе жатқан 2023 жыл, қоян жылымен құттықтап, сән - салтанатымен мерекені ашып берді. Барлық сынып білім алушылары өз өнерлерін ортаға салып, қызықты ойындар, байқаулар өткізіліп Шырша мерекесі барлық оқушыларымызға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап қуантты.