КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі – білім бөлімі) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында (Бұдан әрі – білім беру ұйымдары) Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне үміткерлердің құжаттарын қабылдау жүргізеді.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
- осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері сайлана алады:
- педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
- жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
- үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
- қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
- оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымы ұсынады.
📝КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
Конкурс келесі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау;
2) іріктеуден өткен үміткерлердің құжаттарын білім бөліміне ұсыну;
3) үміткерлердің ұсынылған құжаттарын білім бөлімінде құрылған комиссиясында қарау;
4) комиссияның хаттамалық шешімі.
Үміткерлер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін 2023 жылдың қыркүйек айының 7-26 күндері аралығында №48 жалпы орта білім беретін мектебі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес хатшысы Маделиев Мухан Мырзабаевичқа сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс 13.00.-14.30. аралықта ұсыну тиіс.
Конкурс өткізілетін орын: №48 жалпы орта білім беретін мектебі
Мекенжайы: Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Достық көшесі, №19
Жауапты маманның телефон нөмірлері: 87027321126, 87071721126
Электрондық пошта:mektep48.merke@yandex.kz