07
октябрь
2021
№48 жалпы орта білім беретін мектеп директорының Қамқоршылық кеңес мүшелері алдындағы есебі
Мектеп директоры Б. Ахметбеков 2021 жылдың 7 қазаныңда қамқоршылық кеңес отырысында есеп беріп, онда ол биылғы 2021-2022 оқу жылында білім ошағы мен онда орналасқан мектеп асханасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидасын бекіту туралы 2021 жылдың 5 тамызындағы №76 бұйрығы мен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде барлық меншік нысандағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын талаптар туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының 2-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес жұмыс жасап отырғанын, көрсетілген талаптарды орындау мақсатында білім ошағында тиісті бұйрықтар шығарылып, кезекшілер мен тиісті мамандар бекітілгенін, мектептің медициналық қызмет мамандары тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып отырғанын, 2021 жылдың 27 тамызындағы педагогикалық кеңестің шешімімен көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 102 (жүз екі) білім алушы 2 ауысымда мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отырғанын айтып өтті.