Қамқоршылар кеңесі отырысының №1 ХАТТАМАСЫ (көшірме)
№48 жалпы білім беретін мектебі
Қамқоршылар кеңесі отырысының
№1 ХАТТАМАСЫ (көшірме)
Ойтал ауылы 17 қыркүйек 2020 жыл
Төраға: Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев
Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебі, №1 «биология пәні» кабинеті
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев және кеңестің 7 мүшесі, «№48 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директорлық лауазымдық конкурсына қатысуға өтініш берген үміткерлер: И.Алимхожин, Б.Ахметбеков, Б.Абдуалиева, барлығы 11 адам.
Қатыспағандар: 1 адам (отбасылық себеппен кеңес мүшесі Р.Алпанов қатыспады).
Хатшы М.Маделиев
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- «№48 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директорлық лауазымдық конкурсына қатысуға өтініш берген үміткерлер Алимхожин Ильясжан Шинасилович, Ахметбеков Берик Ахметбекович және Абдуалиева Бекзат Макеновна дайындаған білім беру ұйымын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған перспективалық жоспарларын тыңдап, талқылау.
- Қамқоршылық кеңесінің келісімін беру мәселелері.
ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөзді Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ш.Бидайбаев алып, қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен таныстырды.
Төраға өз сөзінде «№48 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директорлық лауазымдық орнына сайлану үшін «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы №213 бұйрығына сай үміткер Қамқоршылық кеңесінің келісімін алу керектігін айта келіп, үміткерлер туралы қысқаша мәлімет беріп өтті.Отырыста үміткерлердің тақырып бойынша перспективалық жоспарларымен таныстыруына 25 минуттық уақыт шектеуі қойылды.
Содан кейін тақырып бойынша дайындаған білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарымен бірінші болып таныстырған үміткер И.Алимхожин өзінің «№48 жалпы білім беретін мектебінің 2020-2023 жылдарға арналған даму жоспары» тақырыбындағы жұмыс жоспарын баяндау барысында мектепті дамытудың негізі оқыту мен оқуға жетекшілік ету, өзінің дамуы және басқаларды дамыту, жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету және жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту туралы 4 санатқа бөлінетінін, мектептің даму жоспарындағы мектеп миссиясы- біз көптілді үйренген, үйлесімді, кез-келген мәселені шеше алатын, өмірге икемді, адамгершілік және жалпы құндылықтарға ие азамат даярлау, мақсаты-мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін білім берудегі көшбасшылық арқылы дамыту, оқушының әлеуітіне сай құндылықтар негізінде оқу мен оқытудың сапалы жүйесін құру деп айта келе жоспарындағы оқыту, оқу мен бағалау; көшбасшылық және басқару; жеке тұлғаның адамгершілік құндылығын дамытуда үйлесімді орта қалыптастыру; көпмәдениетті кеңістікте даму үшін жағдай жасау; білімнің қолжетімділігі, СМАРТ мақсат тарауларына толықтай тоқталып, қатысушыларды таныстырып өтті. Үміткер сөз соңын білім алушылардың білім сапасын арттыру жұмысы мектеп әкімшілігі ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарылған жағдайда ғана нәтиже береді деп аяқтады.
«Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту» тақырыбында өз перспективалық жоспарын екінші болып таныстырған үміткер Б.Ахметбеков өз баяндамасында жоспардың негізгі мақсатына, білім мазмұны, денсаулық сақтау, кадр саясат, білім беру жүйесін басқару мен қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларына, жоспарды іске асырудың 3 кезеңіне, атқарылатын жұмыстардың күтілетін нәтижелеріне тоқталып өтті.Сонымен қатар педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмысында педагогтар үлесін 3 оқу жылында 50%-дан 70% жеткізу, білім алушылардың білім сапасын, оның ішінде үлгерімі «жақсы» және «ұздік» білім алушылардың үлесін 70%-дан 75%-ға жеткізу мәселеріне тоқталып, аталған мәселелерді білім беру ұйымының ұжымы және ұйым жанындағы құрылған Қамқоршылық кеңесімен бірлесе отырып шешуге аянбай еңбек ететінін баяндады.
Өз кезегінде білім беру ұйымын дамытудың жоспарын үшінші болып таныстырған үміткер Б.Абдуалиева «Мектеп басшысы қызметіндегі эвалюациялау үдерісі» тақырыбында дайындаған перспективалық жоспарында білім беру үдерісінде эвалаюация ұғымы- білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму үдерістерімен байланысты жағдайларды , құбылыстарды және іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және бағалау деп кеңес мүшелеріне түсіндіре келе эвалаюация ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінетінін, эвалаюациялауға жататын жаңа сипаттағы жұмыстардың бірі-зерттеу және рефлексия жұмыстары екені, сол зерттеу нысанының бірі- педагогтар тобының ынтымақтастықта жүргізетін зерттеу нысаны Lesson study зерттеу нысаны екенін, нысан 2 кезеңнен тұратынына кеңінен тоқталып өтті.Сонымен қатар эвалюациялауға жататын мектеп жұмысындағы жаңа үдерістер: коучинг және тәлімгерлік, мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамсыз ету моделінің бірі- мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру, мектепте эвалюация жүргізу-жаңа сипаттағы, кей жағдайларда түсініксіздеу болғанмен, алдағы уақытта мұғалімдерге өзгерістерді өзінен бастап, үнемі зерттеулер жүргізіп отыру, соның арқасында үнемі кәсіби өсуге мол мүмкіндіктер беретін қажетті құбылыс деп айта келе, сөз соңын бағытымыз-айқын, жолымыз-ашық.Осы жоспарларымның орындалуына мектеп ұжымымен жұмылған жұдырықтай бір ауыздан ұстаз мәртебесіне лайық және мектеп оқушыларының саналы тәрбие, сапалы білім алуына бірлесе еңбек етеміз деп білемін деген сөздермен аяқтады.
Отырыс соңында Қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан үміткерлердің жұмыс жоспарлары кеңес мүшелері тарапынан талқыланып, үміткерлердің жұмыстары Қағиданын талаптарына сай кеңестің 8 мүшесі арасында ашық дауысқа салынды.Нәтижесінде үміткер И.Алимхожинға дауыс берілмеді, Б.Ахметбеков 4 дауысқа, Б.Абдуалиева 4 дауысқа ие болды.
ШЕШІМ:
- Үміткерлер Ахметбеков Берик Ахметбекович пен Абдуалиева Бекзат Макеновнаның перспективалық жоспары қанағаттанарлық деп танылсын.
- Қамқоршылық кеңес тарапынан үміткерлер Б.Ахметбеков пен Б.Абдуалиеваға «№48 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директорлық лауазымдық орнына тағайындалуына келісім берілсін.
- Хаттама көшірмесі Меркі ауданы әкімдігінің білім бөліміне мәлімет ретінде жолдансын.
Кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев
Кеңес мүшелері Г.Даулетбаева
К.Шакибаев
Д.Рысбек
К.Ахашов
В.Стребкова
Б.Ниязалиева
Б.Елеуисова
Хатшы М.Маделиев