09
октябрь
2023
Кезектен тыс педагогикалық кеңес
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде 9 қазан 2023 жылы кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 38 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына және Оқу- ағарту министрлігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 304 бұйрығына, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2023 жылғы 5 қазандағы №530-Ө бұйрығын орындау мақсатында оқу жылының басталуы мен аяқталуының мерзімдерін бекіту туралы Оқу- ағарту министрлігінің бұйрығымен ДОТІЖО А.Асилбекова таныстырды:
1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында 2023 жылғы 1 қыркүйек- 2024 жылғы 25 мамырды қоса алғанда;
2) 1-11 сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
3) 1- тоқсан 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2023 жылғы 30 қазан- 5 қарашаны қоса алғанда);
2- тоқсан 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2023жылғы 29 желтоқсан мен 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда),
3 тоқсан-10 оқу аптасы, көктемгі каникул - 10 күн (2024 жылғы 21 наурыздан- 31 наурызды қоса алғанда аралықтарда);
4 тоқсан- 8 оқу аптасы. 4 ) 1- сыныптарда қосымша каникул – 7 күн (2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында).
ІІ. Қорытынды аттестаттау өткізудің мерзімдері:
1) 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары - 2024 жылғы 29 мамыр– 10 маусым аралығында;
2) 11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 мамырдан- 11 маусым аралығында;
3) 9 (10) сынып білім алушылары үшін:
1) оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2024 жылғы 29 мамыр;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2024 жылғы 3 маусым;
3) өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2024 жылғы 6 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы 10 маусым;
ІІІ. 11 (12) сынып білім алушылары үшін:
1) оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 28 мамыр;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 31 мамыр;
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2024 жылғы 4 маусым;
4) өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2024 жылғы 7 маусым;
5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2024 жылғы 11 маусым күндері өткізіледі.