Білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды насихаттау
№48 ЖОББМ бойынша 2023-2024 оқу жылында білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша насихат жұмысы жүргізілгені туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 25.09.2023 жыл
2023 жылдың 22 қыркүйегінде №48 жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында 2023-2024 оқу жылында білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан мектеп білім алушыларының ата-аналарымен жиын өтті.
Жиынды алғы сөзбен мектеп директоры Ахметбеков Берік Ахметбекұлы ашып беріп, жаңа 2023-2024 оқу жылының ерекшеліктерімен, таныстырды. Басшы өз сөзінде оқу жылының ұзақтығы 34 апта, оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2024 жылдың 25 мамырында аяқталатынын, тоқсандық каникул мерзімдерін, сондай-ақ мектептің стадион орнынан қосымша 200 орындық бастауыш сыныптарға жаңа мектеп құрылысы басталғанын, құрылыс жоспарға сәйкес 2024 жылдың тамызында аяқталатынын, ең негізгі ерекшеліктердің бірі - бастауыш 1-4 сынып білім алушыларының оқу жылы бойы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақтануы деп айтты.
Жиында аталған мәселе бойынша сөз алған мектептің әлеуметтік педагогы М.Маделиев мектеп асханасында білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну жұмысы 2022 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы және «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидимиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылып отырғанын, аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес бүгінгі күні бастауыш 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 351 (үш жүз елу бір ) білім алушы және жекелеген санаттағы, яғни, атаулы көмек тағайындалған 5-11 сыныптар аралығында оқитын 28 білім алушы мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1 білім алушы, жалпы саны 380 білім алушы жинақталған құжаттар 2023-2024 оқу жылының қыркүйек айында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылады, балалардың үздіксіз тамақпен қамтылуына жауапты болып мердігер А.Токсеитовке міндеттеліп, мердігер тарапынан асхана іші тиісті жабдықтармен қосымша жабдықталды деді.
Дайындаған: әлеуметтік педагог М.Маделиев