20
декабрь
2023
«Функционалдық сауаттылықты арттыру – сапалы білім кепілі» тақырыбында мектепішілік оқыту семинары
2023 оқу жылының 20 желтоқсан күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Функционалдық сауаттылықты арттыру – сапалы білім кепілі» тақырыбында мектепішілік оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына мектептің 4-9 сыныптарына сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты: Жаратылыстану бағытындағы пәндерінде инновациялық әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова «Оқушылардың ақпараттық, функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында таныстырылым жасады.
Математика пәнінің мұғалімі Сейілжан Рыскүл мен география пәнінің мұғалімі Гулбану Рахымова «Математикалық, жаратылыстану сауаттылық – PIZA тапсырмаларын шешу жолдары» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісіп, тапсырмалар көрсетті. Олар оқытуда АКТ қолдану арқылы білім берудің тиімді жолдарын ұсынып, инновациялық технологияның үрдістерін тәжірибеде қолдану жолдарын көрсетті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж.Омарова семинар жұмысын қорытындылап, кері байланыс жүргізді. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, білім сапасын, педагогтардың біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықтарын дамыту мақсатында өткізілген оқыту семинары өз деңгейінде өтті.