27
декабрь
2021
Коучинг: TIMSS және PIRLS халықаралық зерттеулері аясында 4 сынып білім алушыларымен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді әдіс тәсілдері.
2021 жылдың 27 желтоқсан күні бастауыш сынып пән бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерімен коучинг өткізілді. Тақырыбы: TIMSS және PIRLS халықаралық зерттеулері аясында 4 сынып білім алушыларымен функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді әдіс тәсілдері.
Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану. Білім сапасын арттырудағы TIMSS және PIRLS халықаралық зерттеулерінің жұмыс түрлерін жандандыру. Жай (элементарлық) сауаттылық пен фунционалдық сауаттылықтың айырмашылығын айту.
Коучингте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында тренинг жасалып, мұғалімдер жақсы көңіл күймен жұмысқа кірісті. Халықаралық зерттеулерге негізделген коучингте TIMSS және PIRLS зерттеулері туралы толық мағлұмат берілді. Коуч жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастырды. Бастауыш сынып мұғалімдері берілген тапсырмаларды ұйымдаса отырып, белсенді түрде орындады. 4-сынып оқушыларын халықаралық зерттеулерге дайындау мақсатында ұйымдастырылған коучинг өз деңгейінде өтті.