26
октябрь
2022
«Алтын сақа» олимпиадасының (мектепішілік) кезеңі
2022 жылдың 26 қазан күні Қазақстан Республикасы «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің 15 қыркүйек 2022 жылы бекіткен «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының Ережесіне сәйкес №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Алтын сақа» олимпиадасының (мектепішілік) кезеңі 5 сыныптарға 12:00-де, 6 сыныптарға 14:00-де офлайн форматта өткізілді.
Мақсаты: Республиканың түкпір-түкпіріндегі математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру. Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын дамыту, ғылымға баулу.
«Алтын сақа» олимпиадасының I (мектепішілік) кезеңіне №48 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-6 сынып оқушыларынан 18 оқушы қатысты. 5 сыныптан 7 (5 қазақ, 2 орыс) оқушы, 6 сыныптан 11 (9 қазақ, 2 орыс) оқушы қатысты. Мектепішілік олимпиаданың нәтижесінде II (аудандық) кезеңге 2 (5 сыныптан-1, 6 сыныптан-1 ) оқушы жіберілді.