20
ноябрь
2024
9-11 сынып оқушылары пәндік олимпиадасының I (мектепішілік) кезеңі
2024 жылдың 20 қараша күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңі өтті. Олимпиаданы өткізу кезінде «Дарын» РҒПО-ның «2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ұйымдастыру ережесі» басшылыққа алынды. Мектепішілік олимпиадаға барлығы 81 оқушы, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 37 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 44 оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмалары daryn.kz сайтынан алынды. Оқушылар тапсырмаларды өз беттерінше орындап өз білімдерін көрсетті. Нәтижесінде жоғары балл алған 34 оқушы олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне жолдама алды.