№48 ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогының ауданаралық іс-шараға қатысуы
№48 ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогының ауданаралық іс-шараға қатысуы туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 04.02.2021 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбиелік жылдық жоспары аясында 2021 жылдың 3 ақпанында Меркі ауылында орналасқан №18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінің базасында ауданның 18,35,39,44 және 48 жалпы орта білім беретін мектептерінің әлеуметтік қызмет мамандары Айылшиева Сауле Кадырхановна, Турсыналиев Нурлан Рахметилдаевич, Жанжигитова Арайлым Казахбаевна, Джанзакова Мейрамкуль Темирбековна, Шашубаева Айжан Арыстамбековна, Сатай Жарқынай Нұрғалиқызы мен Маделиев Мухан Мырзабаевич «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы мен мақсатына байланысты аталған іс-шараға ауданымызда Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің иелері мен бірнеше қамқоршы шақырылып, нәтижесінде іс-шараға Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері М.Қасымова мен аудандағы Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің иелері, ата-аналар Тютыбаева Айгуль Шарипбаевна, Мырзакулова Динара Бакытжановна, Ерназарова Сауле Шайковна, қамқоршы ата-аналар: Құлбекова Айдана Еркінқызы, Исмаилова Бахтыгуль Азизхановна, Бегалиева Галия Есхожаевна мен Комсабекова Фарида қатысты.Белгілі бір себептермен іс-шараға тағы бір отбасы үлгісіндегі балалар үйінің иелері, республикалық «Парасатты отбасы» республикалық үлгілі отбасылар жарысының 2020 жылғы жүлдегері Кобегенова Алия Чолпанкуловна жұбайы Арыстанбаев Галым Казбековичпен бірге қатыса алмады.
Іс-шараны аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Қасымова алғы сөзбен ашып беріп, қонақ ата-аналарға құттықтауына айта келе, іс-шараның сәтті өтуіне өз тілегін білдірді.
Ашылу сәтінен кейін іс-шараны жүргізуші Ж.Сатай отырысқа қатысушы ата-аналарды таныстырып өтіп, іс-шараның өту бағдарламасына сай кезекті әріптесі А.Шашубаеваға беріп, әріптесі өз кезегінде сергіту сәтінде қонақтарды алаң ортасына шақырып, олармен қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілек-лебіздерін білдіріп, жеткізе отыратын «Өрмекші торы» ойынын ойнады.
Содан кейін Н.Турсыналиев қатысушыларға «Жетім монологы» видеоролигін көрсетіп, жетімдік тауқыметі туралы ой бөлісті.
Келесі кезекте М.Маделиев «Бала тәрбиелеу- өзіңді тәрбиелеу. Қазақстандағы баланы отбасына тәрбиеге алу жағдайы» тақырыбында ауқымды баяндамасын оқып, онда ол бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі – нәзік те күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала – өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек.
Баланы жақсы тәрбиелейтін құрал - еңбек. Сондықтан ата - аналар баланы жастайынан еңбекке баулу керек. Сәл ғана қолынан келетін нәрсесі болса, көңіл бөліп дарынын, талабын тыңдауға ықпал ету қажет. Ата - бабамыздың тарихын, салт - дәстүрін үнемі құлаққа құйса, ұлы Абайдың бес асыл ісімен дос(талап, еңбек, терең ой, қанағат рахым) болуын, бес дұшпанмен (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ) қас болып жүруін айтып отырса, бала оң бағыттан таймайды. Қазір ұл қыздың тәрбиесіне кері әсер ететін жат әдеттер өте көп. Ең бірінші баланың қалыптасатын ортасын бақылап отырған жөн. Бала тәрбиесі ешқандай үзілісті бір сәт те назардан тыс қалдыруды қаламайды. Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы керек деп айта келе, баяндамашы отбасы құндылықтары, отбасы тәрбиесінің рухани-өнегелі негіздері, 15 мамыр- халықаралық отбасы күні, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде көрсетілген баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің патронат, қорғаншылық және қамқоршылық сияқты бірнеше құқықтық нысандар және олардың міндеттеріне толыққанды тоқталып өтіп, бірнеше жылдан бері өз тарапынан «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі республикалық онкүндік іс-шарасы аясында жоғарыда аталған Отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде болып, онда ол сол отбасыларда тәрбиеленіп отырған балалардың отбасылық жағдайын тексеріп, балалардың ой-армандарын тыңдап, олармен түрлі тақырыптарда әңгімелер жүргізіп, ата-аналар мен балаларға түрлі кеңестер беріп отыратынын айтып өтті.
Баяндамадан соң №39 ЖББМГ әлеуметтік педагогы А.Жанжигитова ата-аналармен түрлі ситуациялық жағдайдан шығу жағдайы бойынша сұрақ-жауап ойынын жүргізді.Ойын барысында қатысушыларға бірнеше ситуациялық, оның ішінде кейбір кезеңде отбасында ата-ана мен бала арасында шиеленіскен жағдайларда туындайтын сұрақтар қойылып, әрбір сұраққа қатысушылар тарапынан толыққанды жауаптар алынды.
Әлеуметтік педагог М.Джанзакова тарапынан қонақтармен «Жылу жүрегі» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында «Жылу жүрегі» ағашының жапырағына әрбір қатысушы жүрегінен шыққан балаларына деген мейірім мен сүйіспеншілікке толы тілегін жазып, қалдырды.Жүргізуші тренинг соңында әрбір қатысушыға белсенділік танытқаны үшін алғысын білдіре отырып, ағаштың тамыры - әрбір ата-ана, діңі - мұғалім, ал жапырағы мен жемісі –барлық балалар екенін айтып, түсіндіре келе әрбір жеміс ағашы жақсы жемісін беру үшін ол ағашқа үнемі су құйып, үнемі баптап, нәр беріп отыру керек екендігін айтып, біз - әрбір ата-ана, баласына өз мейірімін шексіз төккенде ғана кез келген тал өз жемісін беретінін де айтып өтті.
Бағдарламаға сай іс-шара соңында сөз алған А.Қосанов атындағы №18 ЖОББТМ-нің әлеуметтік педагогы С.Айылшиева отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты ата-аналарға пайдалы кеңес ретінде жазылған жаднама парақшаларын қонақтарға сыйға таратты.Жаднамада ата-анаға көңіл күйіңіз болмай тұрған жағдайда ешқашанда бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана әсер етеді; балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын адамға айналыңыз; баланы әр кезде оның көзіне қарап, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесімен алаңдатқан мәселеге Сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады; әр уақытта оған қажет болғанда үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап отырыңыз, себебі, ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады деген бала тәрбиесіне жағымды әсерін тигізетін пайдалы кеңестер айтылды.
Іс-шара соңында бірнеше ата-ана сөз алып, ұйымдастырушы тарапқа атқарып отырған ауқымды жұмыстарына шығармашылық табыстар тілеп, өздерін елеп, аталған іс-шараға шақырғандарына ризашылықтарын білдірді.Өз кезегінде отырысты қорытындылауға сөз алған білім бөлімінің әдіскері М.Қасымова аталған іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткенін айтып, іс-шараға алтын уақыттарын бөліп келген барлық ата-анаға ризашылығын білдіріп, барлық жанұяға отбасылық бақыт, береке, табыс тілей отырып алдағы уақытта аталған бағыт бойынша білім ұйымдарында әлеуметтік қызмет мамандары тарапынан тиісті жұмыстар атқарылатынына сенім білдірді.