№48 жалпы білім беретін мектебі Қамқоршылық кеңестің отырысының №9 ХАТТАМАСЫ
№48 жалпы білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңестің отырысының №9 ХАТТАМАСЫ (көшірме)
Ойтал ауылы 29 қараша 2019 жыл
Төрағалық етуші: Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев
Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебі, №23 «тарих» кабинеті
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы мен мүшелері, №48 ЖББМ директоры Р.Нуралбеков, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова, мектеп инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры С.Сымтыков.
Хатшы М.Маделиев
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, жыныстық сипаттағы қылмыстың алдын алу, бала қауіпсіздігі мен балалар арасында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында мектепте атқарылған жұмыстар бойынша мектеп директорының есебі.
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, «жайсыз отбасы» ретінде тізімдік есепте тұрған, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және қиын өмірлік жағдайға қалған балалармен атқарылған жұмыстар туралы мектеп инспекторы- Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры С.Сымтыковтың есебі.
ТЫҢДАЛДЫ:
Мектеп директоры Р.Нуралбеков: кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, жыныстық сипаттағы қылмыстың алдын алу, бала қауіпсіздігі мен балалалар арасында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған Жамбыл облысы әкімдігігің қаулыларына сай білім ошағында 2019 жылдың қыркүйек-қараша ай аралығында көптеген іс-шаралар атқарылды. Әсіресе қараша айында Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеуге арналып қабылданған «Балалар үшін бірге» атты тұжырымдамасы негізінде мектепішілік айлық жұмыс жоспары құрылып, жоспар аясында мектеп ұжымымен, Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ қызметкерлерімен, ата-ана және оқушылармен кездесулер, дөңгелек үстел, сынып сағаттары өткізілді.Сонымен қатар күннің қысқарып, суытуына байланысты балалардың Жол қауіпсіздігін сақтау, балаларды мектепке алып келу, алып қайту және мектепті жылыту мәселелері бойынша нақты жұмыстар атқарылып, жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.Ата-аналарға жол және мен бала қауіпсіздігін сақтау, оны насихаттау мақсатында арнайы жадынама парақшалары таратылды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп инспекторы- Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры С.Сымтыковтың есебі тыңдалды. (баяндамасы қосымша тіркеліп, тігіледі).
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жарыссөзге Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев, кеңес мүшесі, Ойтал ауылдық округінің бас маманы Д.Рысбек пен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова шығып сөйледі. Төраға Ш.Бидайбаев күн тәртібіндегі мәселелер орынды көтеріліп отырғанын айта келе, балалардың Жол қауіпсіздігіне аса мән беру керектігін, Желтоқсан көшесі күре жол болуына байланысты мектеп жанындағы балалар қатынайтын жеріне ІІБ–нің арнайы машиналарымен кезекшілік ұйымдастыру керек деген өз ұсынысын айтты. Қамқоршылық кеңес инспектор жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.
ШЕШІМ:
- Бала өмір қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары мектеп және мектеп ауласында күшейтілсін.
- Мұғалімдердің кезекшілікке жауапкершіліктері арттырылсын.
- Кезекшілік атқару жұмыстары әкімшілік тарапынан қатаң қадағалансын.
- Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі арттырылсын.