06
октябрь
2021
«Мектепке жол» акциясы
2021-2022 оқу жылында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде
дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясының өтілуі туралы
АҚПАРАТ
Республиканың барлық білім ошақтарында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясының басталуына байланысты 2021 жылдың тамыз айында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директоры Б.Ахметбеков, ДОІЖО А.Асилбекова, ДТІЖО М.Етекбаев пен әлеуметтік педагог М.Маделиев білім ошағының педагог қауымымен жиын өткізді, онда педагогикалық ұжымға акцияның мақсаты мен міндеттерімен таныстырды.
Акцияның мақсаты - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларында тәрбиеленіп отырған балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқада қайырымдылық көмек көрсету.
«Мектепке жол» акциясы аясында білім ошағында тәрбиеленіп, білім алып отырған әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрмыс жағдайы төмен 29 көпбалалы және 16 аз қамтылған отбасынан шыққан 45 балаға жалпы сомасы 228000 (екі жүз жиырма сегіз мың) теңгеге мектеп формасы мен оқу құралдарымен материалдық көмектер көрсетілді.
Жалпы қайырымдылық акция барысы білім ошағында жоспарлы, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымының, демеушілердің тікелей атсалысуымен жоғарғы қарқында өтті. Іс-шара барысына кәсіпорындар арасынан «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-і (директор Айтүленов Дастан Тұрсынұлы) мен Ойтал ауылдық округ әкімшілігі (әкім Рахимбеков Арман ) демеушілік жасап атсалысты.
Аталған бағыт бойынша атқарылған жұмыстар қорытынды есебі ақпараттық нысанда қыркүйек айының соңында Меркі аудандық бөліміне жолданды.