Қамқоршылық кеңес отырысының өткені туралы Анықтама » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Қамқоршылық кеңес отырысының өткені туралы Анықтама
08
октябрь
2021

Қамқоршылық кеңес отырысының өткені туралы Анықтама

Қамқоршылық кеңес отырысының өткені туралы
    Анықтама
Ойтал ауылы                                                                                                                                                 08.10.2021 жыл
      2021 жылдың 7 қазанында  сағат 15.00-де №48 жалпы білім беретін мектебінің   №1 «биология пәні» кабинетінде  қамқоршылық кеңес мүшелері білім беру ұйымының қызметі, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, 2021-2022 оқу жылында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өту қорытындысы, шектеу шаралары кезеңінде мектепте санитарлық талаптардың сақталуы және білім ошағында   «PIRLS-2021» халықаралық зерттеуінің өтуіне байланысты атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы мектеп директоры Б.Ахметбековтың есебін тыңдады.
Отырысты кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев ашып беріп, кеңес хатшысы қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен таныстырды. 
       Есеп беру баяндамасында мектеп директоры Б.Ахметбеков өз сөзін білім ошағы 2019 жылы күрделі жөндеуден өткенінен бастап, жөндеу нәтижесінде мектептің материалдық-техникалық базасы біршама жаңарғанын, мектеп алдына арнайы тас төсеніші (брусчатка) төселгенін, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 66,04% құрағанын, ұйымдағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бекіткен «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 201-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты және  2021 жылдың 9 қыркүйегінде бекітілген нысандағы мектеп пен ата-ана арасындағы келісім шарт негізінде көрсетіліп отырылғанын, шартта қос тараптардың құқықтары мен міндеттері нақты айқындалып жазылғанын, сондай-ақ 2021-2022 оқу жылында «Мектепке жол» қайырымдылық акция аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 45 балаға 228000 теңге көлемінде мектеп формасы және оқу құралдарымен материалдық көмек көрсетілгенін баяндады.
       Баяндамашы сонымен қатар биылғы 2021-2022 оқу жылында білім ошағы мен онда орналасқан мектеп асханасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидасын бекіту туралы 2021 жылдың 5 тамызындағы №76 бұйрығы мен  Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде барлық меншік нысандағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын талаптар туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының 2-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес жұмыс жасап отырғанын, көрсетілген талаптарды орындау мақсатында білім ошағында тиісті бұйрықтар шығарылып, кезекшілер мен тиісті мамандар бекітілгенін, мектептің медициналық қызмет мамандары тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып отырғанын, 2021 жылдың 27 тамызындағы педагогикалық кеңестің шешімімен көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 102 (жүз екі) білім алушы 2 ауысымда мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отырғанын айтып өтіп, баяндамасы соңында 9 «а» сыныбында оқитын  білім алушының  науқастанып, тиісті медициналық тексеріс барысында  білім алушыға КВИ U07.1 вирус сәйкестендірілген диагнозы қойылғанын, аталған жағдайға байланысты Меркі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы, мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Д.Кударованың 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №1082 қаулысына сәйкес Е.Әкімбаймен сыныпта оқитын 20 білім алушы толықтай COVID-19–бен ауыратын науқаспен байланыста (жақын байланыс) болғаны үшін 29.09.2021-12.10.2021 жыл аралығында 14 (он төрт) күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) алынып, сыныптағы білім алушылар толығымен қашықтықпен оқу үрдісіне көшірілгенін, тиісінше  білім ошағында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жұмысы кезекшіліктер, медициналық қызметкерлер тарапынан күшейтілгенін баяндады.Отырыста әкімшілік тарапынан кеңес мүшелеріне 2021 жылғы 29 қыркүйектегі директор жанындағы кеңес отырысының шешімі таныстырылды.
       Баяндамашы сондай-ақ күшейту жұмыстары бала өмір қауіпсізідігін қамтамасыз ету, оның ішінде  мектеп ауласына бөгде адамның жүрмеуін, бөтен заттардың болмауын қадағалау, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының бастамасымен іске асатын, партия жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111 ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТІ» байланыс орталығы арқылы балалар мен ересектер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарында да жүріп жатқанын баяндай отырып, 2021 жылдың 15 қазанында білім ошағында аудан мектептерінің арасынан №48 жалпы орта білім беретін мектебінде электронды нысанда «PIRLS-2021» халықаралық зерттеуі өтетін, зерттеуге іріктелініп алынған мектептің 5 «а» және «д» сыныптарынан 37 білімі алушы қатысатынын, бүгінгі күні білім ошағында аталған іс-шараның жоспарлы, өз деңгейінде өтуіне дайындық жұмыстары толықтай жүріп, мектеп дәлізіне арнайы стендтер орнатылып, безендіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, негізі зерттеу 4 сынып білім алушыларының оқу сауаттылығын бағалайтын халықаралық зерттеу екенін, алайда 2021 жылғы пандемияға байланысты зерттеуге биылғы жылы 5 сынып білім алушылары қатысатынын, білім алушылар әдеби және ақпараттық мәтінмен жұмыс істейтінін айтып өтті.
        Қамқоршылық кеңес білім беру ұйым басшысының есебін тыңдап, талқылай отырып мектеп директоры  Ахметбеков Берик Ахметбековичтің есебі қанағаттанарлық деп танылсын, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепалды даярлық және бастауыш сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру шаралары мен мектептің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты білім ошағында санитарлық талаптардың сақталуы оқу жылы бойы мектеп әкімшілігі тарапынан үздіксіз қадағалансын және білім ошағында өтетін «PIRLS-2021» халықаралық зерттеуіне дайындық күшейтіліп, мектеп әкімшілігі тарапынан бақылауға алынсын. Іріктеліп алынған 5 сынып білім алушыларымен компьютерлік құралдармен жұмыс жасау бағыты жандандырылып, аталған жұмыс бағытына іс-шара барысындағы мектеп үйлестірушісі, ақпараттандыру жүйесінің мамандары мен сынып жетекшілері  жұмылдырылсын деген шешім қабылдады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив