№48 жалпы білім беретін мектебі Қамқоршылық кеңестің отырысы №8 хаттама (көшірме) » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » №48 жалпы білім беретін мектебі Қамқоршылық кеңестің отырысы №8 хаттама (көшірме)
31
октябрь
2019

№48 жалпы білім беретін мектебі Қамқоршылық кеңестің отырысы №8 хаттама (көшірме)

№48 жалпы білім беретін мектебі 

Қамқоршылық кеңестің отырысы №8 хаттама (көшірме)

Ойтал ауылы                                                                                                                                31 қазан  2019 жыл

Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебі, мектептің акт залы 

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы мен мүшелері, №48 ЖББМ директоры Р.Нуралбеков, директордың оқу-тәрбие, шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры С.Сымтыков.

Хатшы М.Маделиев


Күн тәртібінде:

  1. 2019-2020 оқу жылының I-тоқсаны бойынша оқушылардың білім сапасы бойынша қорытынды есеп.
  2. «Мектеп жол» қайырымдылық акциясының өту туралы қорытынды есеп.
  3. 2019-2020 оқу жылында білім ошағында оқитын АІІБ ЖҚП ЮПТ-ның «жайсыз отбасы» ретінде профилактикалық есепте тұрған балалар, мөлтекаудан бойынша жүргізілген күндізгі-кешкі рейдтердің нәтижелері туралы мектеп инспекторы- Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры С.Сымтыковтың есебі.
  4. Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  5. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды мектеп асханасында тегін тамақпен қамтылуы.
  6. Мектептің жылыту маусымына дайындығы.

Тыңдалды:

1. Оқушылардың 2019-2020 оқу жылының I-тоқсаны бойынша білім сапасы бойынша есеп берген директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Султанбекова оқу жылы 883 оқушымен басталып, оқушылар қозғалысы нетижесінде тоқсанды 876 оқушы аяқтап отыр деп мәлімет бере келе, жалпы 1-11 сыныптар аралығында білім сапасы 59,2% құрап отыр деді. Содан кейін баяндамашы білім сапасы бойынша әрбір сыныппен пәндерге де жеке тоқталып, сандық мәліметтер беріп өтті.

2. Дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өткендігі туралы   директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Барлыбаева биыл5ы оқу жылында акция шілде айынан басталғанын, акция барысында мөлтекауданда қызмет етіп отырған кәсіпкерлер мен мектеп ұстаздарының демеушілігімен 35 аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балаға жалпы сомасы 610000 теңгеге материалдық көрсетілгенін, сонымен қатар 319 аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан баланың әрқайсына  бюджет есебінен 4000 теңгеден жалпы сомасы 1276000 (бір миллион екі жүз жетпіс алты мың) теңгеге оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетілгенін, аталған қаржы әрбір ата-ананың жеке есеп-шотына аударылғанын айтты. Сонымен қатар 2019 жылдың 1-31 тамыз аралығында «Мектепке жол» акция шеңберінде «Мектепке баратын құжаттандырылмаған балаларды   құжаттандыру» тақырыбындағы акциясы өтетін білім ошағы бойынша кеңес беру алаңшасы жұмыс істегенін, атқарылған жұмыстар барысында мөлтекаудан бойынша құжаттандырылмаған балалар анықталғанын, жалпы акцияның өтуі туралы  аудандық «Меркі тынысы» газетінің 20.09.2019 жылғы 70 нөміріне әлеуметтік педагог М.Маделиев тарапынан мақала жарияланғаны туралы да айтып өтті. 

3.Мектеп инспекторы, Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры С.Сымтыков өз баяндамасында мектепте оқып отырған түрлі санаттағы оқушылар бойынша сандық мәліметтер бере отырып, білім ошағы бойынша Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның «жайсыз отбасы» ретінде тізімдік есебінде тұрған оқушы, ол баламен оқу жылы бойы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Сонымен қатар құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында  мектеп ұжымымен бірлесе атқарылып отырған күндізгі және түнгі рейдтер туралы, өгей әке-шешелерімен тұрып жатқан оқушылармен атқарылған жұмыстар туралы да айта келе, 2019 жылдың 15 қазанында оқушылардың отбасыларына тексеріс жүргізіліп, ата-аналармен профилактьикалық әңгімелер жүргізілгені туралы баяндап өтті.

4.Бала қауіпсіздігі жөнінде сөз алған директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының 2018 жылғы 19 қарашадағы №662 бұйрығына қосымша облыстық білім басқармасының балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара жоспарына сай білім ошағында оқып жатқан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша баяндап өтті. Отырыста ол «жайсыз отбасы» ретінде Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның тізімдік есебінде тұрған 4 «д» сынып оқушысы Черноволов Максимнің отбасына, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жол Ережесін сақтау, қауіпті аймақты анықтау мәселесіне де тоқталып өтті. Аталған мәселе  Ойтал округ әкімінің қадағалауында екенін әкімнің орынбасары, әрі кеңес мүшесі К.Шакибаевта өз сөзінде айтты. Содан кейін баяндамашы Жамбыл облысы әкімдігінің 12.04.2019 жылғы №245 қаулысына қосымша Жамбыл облысында әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және қиын өмірлік жағдайдағы балалардың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сай атқарылған жұмыстарға тоқталып, онда ол 2019 жылдың қазан айында мектеп әкімшілігі тарапынан Ойтал ауылы, Алаутау көшесі, 13- үй тұрғыны: 31.10.2004 жылы туған, ұлты қазақ, 6 «д» сынып оқушысы Танабаева Эльмира Рустамовнаның  отбасы тексерілгенін, тексеріске негіз болған оқушының мінезінде,  іс-әрекеттерінде кейбір ауытқушылықтың байқалуы екенін, бүгінде   қызбен мектеп әкімшілігі мен мектеп психологтары  нақты жұмыстар атқарып жатқанын  айтты.

5.Оқушылардың мектеп асханасында тегі және ата-ана есебінен тамақтану жұмысына жауапты маман, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Султанбекова қазан айында 5 оқушының отбасылық жағдаймен басқа мектепке ауысуына байланысты бүгінгі күні 312 аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен, қалған оқушылар ата-ана есебінен тамақтанып отырғанын айтып өтті.

6.Мектептің жылыту мерзіміне дайындығы бойынша  директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Т.Джилкышыбаев бүгінгі күнге барлық жылыту қазандықтары іске қосылып, режим бойынша істеп жатқанын баяндай отырып биылғы маусымда орнатылған жаңа қазандықтың кейбір техникалық тетіктерінің дұрыс болмау салдарынан, қазандық қараша айында арнайы мамандардың көмегімен   іске қосылады деп күтілуде айтып өтті.


Шешім:

  1. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері тарапынан оқушылардың білім сапасын көтеру бағытында жұмыс күшейтілсін.
  2. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында атқарылатын жұмыс  бағыты жандандырылсын.
  3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі арттырылсын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив