06
сентябрь
2021
«Денсаулық фестивалі – 2021»
«Денсаулық фестивалі – 2021»
04.09.2021 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Етекбаев «Сау бол – жүз жаса!» ұранымен өтілетін «Денсаулық фестивалі-2021» акциясының іс-шаралар жоспарын құрып, оны мектеп директоры бекітті.
04.09.2021 жылы «Сау бол – жүз жаса» ұранымен өтілетін «Денсаулық фестивалі – 2021 » акциясының салтанатты ашылуы мектептің спорт алаңында болып өтті. Салтанатты іс-шара 5 – 11 сынып оқушылары сапқа тұрғызып, Мемлекеттік Гимн орындалды.
«Сау бол – жүз жаса» ұранымен өтілетін «Денсаулық фестивалі - 2021» акциясының салтанатты ашылуымен оқушылар мен ұстаздарды мектеп директоры Б.Ахметбеков пен дене шынықтыру пәні мұғалімі Д.Қауменов құттықтады.
Ары қарай мектеп тәлімгері Ж. Молдашова мен 7 - 10 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен оқушылардың дайындаған «Сау бол – жүз жаса» ұранымен флешмобқа кезек берілді.
Мектеп медбикесі Х.Бабатова медициналық қызмет көрсетудің тегін ашық есіктер күнін ұйымдастырып, мектеп ұжымына қызмет көрсетті.
Дене шынықтыру пәні бірлестігі мұғалімдері мен сынып жетекшілері 5 - 11 сынып оқушылары арасында «Сау бол – жүз жаса!» ұранымен мектептің спорт алаңында спорттық жарыстар өткізді. 60 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, эстафета 4*100, кермеге тартылу, кеудені көтеру (қыздар), минифутбол (ұлдар), асық ату, арқан тарту сияқты спорттық жарыстар өткізді.