Мектепішілік бірыңғай ата-аналар жиналысы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
«№48 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ойтал ауылы 13.05.2021 жыл
Мектепішілік бірыңғай ата-аналар жиналысының №6 хаттамасының көшірмесі
Төрағалық етуші: мектеп директоры Б. Ахметбеков
Қатысқан ата – аналар саны - 86
Тақырыбы: «2020 – 2021 оқу жылының аяқталуы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, салтанатты жиынды өткізу туралы»
Ата – аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020 – 2021 оқу жылының аяқталуы туралы.
Өткізу форматы: Офлайн
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- 2020 – 2021 оқу жылының аяқталуы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, салтанатты жиынды өткізу туралы
- Мектеп бітіру, аттестат алу салтанатты жиындары кезінде мектеп түлектерінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес мектеп формасын киюі туралы
- Қорытынды аттестаттау кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата – аналарынан ақша жиналмау, дастархан жайылмауы, сыйлықтар берілмеуі туралы
- Мектеп әкімшілігі, педагогтар, ата – аналар, құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету өкілдерінен кезекшілік бекітуі туралы
- бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізілмеуі туралы
- оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз кезіндегі судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, тауға шығу, көшеде түнгі мезгілде жүрмеуі, карантин талаптары сақталуы туралы ақпараттық жаднамалар тарату;
- ата – аналарға, сынып жетекшілерге кибербуллинг, буллинг туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б. Ахметбеков сөз алып, 2020 – 2021 оқу жылының аяқталуы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, салтанатты жиынды өткізу уақыты 40 минуттан аспауы керек екендігін айтып өтті, сонымен қатар салтанатты жиын таза ауада санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілетіндігін сонымен қатар бұл жиынға тек мектеп бітіруші 9 және 11 сынып білім алушыларының қатысатындығын ескертті.
Сонымен қатар мектеп директоры өз сөзінде 2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты ата –аналар мен балалардың заңды өкілдерінің назарына Қазақстан Республикасының 2015 -2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында мектебімізде ақшалай қаражат жинауға жол берілмейтіндігі туралы және соңғы қоңырауға, мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру мерекелік іс –шараларға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға; мектеп бітірушілер шараларын ұйымдастыру барысында қаражат жинауға;
мектеп бітіруге арналған мерекелік дастархан ұйымдастыруға; мейрамханаларда , кафелерде және басқа да ойын сауық орындарында мектеп бітіру шараларын ұйымдастыруға; мектеп оқушылары мектепке сыйлық жасауға; сынып жетекшілерге бағалы сыйлықтарды тарту етуге - жол берілмейтіндігі туралы ескертті.
Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Барлыбаева сөз алып, түлектерге аттестат тапсыру жиынына оқушылар мектеп ішкі тәртіп ережесіне сәйкес мектеп формасымен келуі міндетті екендігін, мектеп формасына қойылатын талаптардың орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрықпен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» ережесіне сәйкес болатынын айтып өтті.
Сонымен қатар мектеп бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізілмеуі, мейрамханаларда , кафелерде және басқа да ойын сауық орындарында мектеп бітіру шараларын ұйымдастыруға болмайтындығы туралы айтып өтті.
Үшінші мәселе бойынша директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Асилбекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі нұсқаулық хаты мен «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №189 бұйрығымен таныстырды.
Төртінші мәселе бойынша директордың құқықтық – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Сериков мектеп әкімшілігі, педагогтар, ата – аналар, құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету өкілдерінен кезекшілік бекітілгені туралы айтып өтті.
Сонымен қатар оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз кезіндегі судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі сонымен қатар Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі №03-5096 хаты негізінде Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын – алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес тауға шығу, көшеде түнгі мезгілде жүрмеуі , карантин талаптары сақталуы туралы оқушылар мен олардың ата – аналарына ақпараттық жаднамалар таратылғаны, сонымен қатар ата – аналарға, сынып жетекшілерге кибербуллинг, буллинг туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілгені туралы айтып өтті.
Қаулы:
1. 2020 – 2021 оқу жылының аяқталуы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасы негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 9 және 11 сынып білім алушыларына салтанатты жиынды өткізу уақыты 40 минуттан аспауы керек, сонымен қатар салтанатты жиын таза ауада санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылсын.
2. Қорытынды аттестаттау кезінде мектеп бітірушілер мен олардың ата – аналарынан ақша жиналмау, дастархан жайылмауы, сыйлықтар берілмеуі туралы ескертілсін.
3. Салтанатты жиын өткізілу барысында мектеп әкімшілігі, педагогтар, ата – аналар, құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызмет көрсету өкілдерінен кезекшілік бекітілсін.
4. Мектеп бітіру кештерінің мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өткізілмеуі мектеп әкімшілігі тарапынан қадағалансын.
5. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаз кезіндегі судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, тауға шығу, көшеде түнгі мезгілде жүрмеуі, карантин талаптары сақталуы туралы ақпараттық жаднамалар таратылсын, ата – аналарға, сынып жетекшілерге кибербуллинг, буллинг туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Мектеп директоры Б. Ахметбеков
Хатшы А. Кинбаева