«PIRLS-2021» зерттеуі » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » «PIRLS-2021» зерттеуі
18
октябрь
2021

«PIRLS-2021» зерттеуі

       Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан «PIRLS-2021» зерттеуіне  қатысып отыр. PIRLS - зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады. 2021 жылы PIRLS зерттеуіне  20 жыл толып отыр.   Жаңа компьютерлік форматқа көшу дәуірі. Әлемнің 61 мемлекеті қатысатын «PIRLS – 2021» зерттеуіне біздің елімізден 392 мектеп, оның ішінде Жамбыл облысынан 24 мектеп қатысады.
       2021 жылдың 15 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім  бөлімінің №48 жалпы орта білім беретін  мектебінде «PIRLS – 2021» халықаралық негізгі зерттеуі өтті. 
       Зерттеуге  жетекшілік етіп  ұлттық үйлестіруші Сманова Назым Қалдыбайқызы, облыс үйлестірушісі Жамалбекова Шафиға Мамырхановна мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  әдіскері Кушерова Жанна Еспалаевна келді. Тест өткізушілер Баянболов Біржан Нұрғалиұлы мен Амангелдіұлы Абдолла болды. «PIRLS – 2021» халықаралық негізгі зерттеуіне іріктелген 5 «А», 5 «Д» сыныптары мәтіннің екі түрімен (әдеби және ақпараттық) электронды форматта жұмыс жасады. Бұл өз алдына заман талабына сай білім алушылардың оқу сауаттылығымен қоса ақпараттық сауаттылықтың да маңызды  екенін көрсетті. Сонымен қатар мектеп директоры, бастауыш сынып мұғалімдері, білім алушылар мен олардың ата-аналары онлайн сауалнамаға қатысты.                                                               
         «PIRLS – 2021» халықаралық негізгі зерттеуі аяқталған соң білім алушылар мен ата-аналарға арнайы сертификаттар берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив