17
сентябрь
2021
«PIRLS-2021» халықаралық зерттеуіне дайындық
«PIRLS-2021» халықаралық зерттеуіне дайындық
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Оқу-әдістемелік кабинетінің» 2021 жылғы 3 тамыздағы хаты негізінде №48 жалпы орта білім беретін мектебінде «PIRLS-2021» халықаралық зерттеуі өткізіледі. PIRLS – 4 сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сауаттылығын зерттейтін халықаралық зерттеу. 2021 жылғы еліміздегі пандемияға байланысты «PIRLS-2021» зерттеуіне 5 сынып оқушылары қатысады. №48 жалпы білім беретін мектебінде зерттеуге іріктелген сыныптар тізімі жасалынып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай 15 қыркүйек күні Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскерлері Л.Абенова мен С.Қалдыбай №48 жалпы орта білім беретін мектебіне келіп әдістемелік көмек көрсетті. Аудандық әдіскерлер зерттеуге дайындалған кабинеттердің компьютерлермен жабдықталуын көріп, пән мұғалімдерімен PIRLS-қа дайындық барысы жайлы пікір алмасты.