Қамқоршылар кеңесі отырысы №7 ХАТТАМА (көшірме) » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Қамқоршылар кеңесі отырысы №7 ХАТТАМА (көшірме)
04
февраль
2021

Қамқоршылар кеңесі отырысы №7 ХАТТАМА (көшірме)

№48 жалпы орта білім беретін мектебі

 қамқоршылар кеңесі отырысы 

№7 ХАТТАМА (көшірме)

Ойтал ауылы                                                                                                       4 ақпан 2021 жыл

Төраға: Қамқоршылар кеңесі төрағасы Ш.Бидайбаев 

Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебі, №23 «география» кабинеті 

Қатысқандар: Қамқоршылар кеңесі төрағасы мен мүшелері, №48 ЖОББМ директоры Б.Ахметбеков, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Султанбекова, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Сериков және ата-аналарбарлығы 16 адам.

Хатшы М.Маделиев


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:


  1. Балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, есептегі балалар бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының есебі.
  2. 9-11 сынып оқушылары арасында ҰБТ, қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырудағы өзгерістер туралы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Султанбекованың есебі.
  3. Педагогикалық әдеп кеңесінің құрылымы, құрамы, жұмыс бағыты туралы талқылау.
  4. Әр түрлі мәселе.


ТЫҢДАЛДЫ:


Отырысты мектеп директоры Б.Ахметбеков алғы сөзбен ашып беріп, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Сериков бүгінгі күні білім ошағында Меркі АІІБ-де «жайсыз» отбасы ретінде 3 отбасында 5 бала тәрбиеленіп отырғанын, оның 2-уі (5 «д» сынып оқушысы Черноволв Максим мен 2 «д» сынып оқушысы Матчина Елизавета) мектеп қабырғасында оқыса, Малтабаровалар отбасының мектеп жасындағы 3 баласы Тараз қаласында орналасқан кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында оқып, тәрбиеленіп отырғанын, отбасының кәмелет жасына толмаған 4 баласына қатысты балалардың анасы-Малтабарова Сандуғашты ата-аналық құқығынан айыру жөніндегі азаматтық іс Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатқанын, сонымен қатар бақылау тізімдік есебінде 8 «в» сынып оқушысы Жумағали Ержан Базаралыұлы, ал 2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап тізімдік есепке Тараз қаласында орналасқан  балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептен ауысып келген  6 «г» сынып оқушысы Гербер Даниил Денисовичте қойылатынын айтты.Сонымен қатар мектепішілік есепте 4 бала тұрғанын да айтып өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Султанбекова ағымдағы 2020-2021 оқу жылында бітіруші үш 11 сыныпта 41 оқушы оқып отырғанын, аталған оқушылар арасынан 29 оқушы ҰБТ қатысуға ниет білдіріп отырғанын, 23 қаңтарда өткен аудандық сынаққа 29 бала қатысып, сынақтық орташа білім сапасы 75,9% құрағанын айтып,  биылғы ҰБТ тапсырудың бір ерекшелігі наурыз және маусым аралықтарында ҰБТ электрондық форматта өтеді деп жоспарлануында, сонымен қатар ҰБТ «U-Future» ЖШС-нің тестілеу орталықтарының залдарын жалдау арқылы өткізілетінін, осыған сәйкес ата-аналар берілген 54 пунк бойынша ауданымызға жақын және көліктердің жүру қатынастарын ескере отырып ҰБТ-нің өткізілетін пунктерін таңдау керектігін таңдау керектігін айта келе, аталған мәселе бойынша 01.02.2021 жылы ҰБТ тапсырушы балалардың ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, жиналыс барысында барлық ата-ана бірауыздан Тараз қалсындағы пунктті таңдағанын айтты. 

Баяндамашы содан кейін білім алушыларды қорытынды аттестаттау-мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стадартында қарастырылған білім деңгейіне сай білім алушылардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру деңгейін анықтау үшін өткізелтін іс-шара, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес тапсырмалар реті А және Б блоктағы тапсырмалар болып берілуіне байланысты 9 сыныптардағы бітірушілер 2021 жылы бірінші рет жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қорытынды аттестаттаудан өтетіндерін, тиісінше мектептегі 9-сыныптың білім алушылары барлық емтиханның тапсырмаларымен танысып, қосымша сабақ кестесіне сай дайындық жұмыстары жүргізіп жатқанынын, соңғы шыққан бұйрыққа байланысты таңдау пәндері алынып тасталғанын, білім алушылары 3 емтихан тапсыратынын, яғни, 28 мамырда- оқыту тілі (қазақ, орыс) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, 3 маусымда- математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан, бақылау жұмысы; 7 маусымда- өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әбебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқитын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан тапсыратынын айта келе 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсыратынын, яғни, 1 маусымда- оқыту тілі (қазақ, орыс) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; 4 маусымда- алгебра және анализ бастамалыры пәнінен жазбаша емтихан, бақылау жұмысы;  7 маусымда Қазақстан тарихынан тестілеу; 10 маусымда- өзге тілдерде оқитын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу болатынын айтты.Сонымен қатар қорытынды аттестаттау кезінде әр пәннен алынған жұмыстар «Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа», сонымен емтихан жұмысы «5»-ке бағаланған білім алушылардың жұмыстарына пікір жазылатыныен да баяндап өтті.

Үшінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры Б.Ахметбеков «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының «Педагогикалық әдеп қағидалары» және «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары» туралы 1,2-қосымшаларында көрсетілген талаптарға сай кеңес мүшелерін мектепішілік педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамымен таныстырып өтті.Кағида жалпы ережесіне сай мектепішілік педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төмендегі білім саласына қатысты 7 адамнан:

Қарабаева Айша Досалиевна - аудандық білім бөлімінің әдіскері

Садыкова Гульнара - мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы

Макаева Советкуль Шамсудиновна - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Досмуханбетова Зульфия Мэлсовна - қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі

Кулакова Юлия Анатольевна - математика пәнінің мұғалімі

Нуралбеков Рашид Аблешевич - физика пәнінің мұғалімі, зейнеткер ұстаз

Куланов Мурат Набиевич - тарих пәнінің мұғалімі, зейнеткер ұстаздан құрылғанын, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің   педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылатынын, жалпы кеңеске  педагогтердің  педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алатынын, кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сай жүзеге асыратынын және обьективтілік пен әділдік, әдептілік қағидаттарын басшылыққа алатынын, әдептің негізгі қағидаттары адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын және қадір-қаситетін құрметтеу, патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік, кәсіби ынтымақтастық және үздіксіз кәсіби даму болып табылатынын, сонымен қатар педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақыттарда ұстанатын бірнеше негізгі нормаларын айтты.

ШЕШІМ:


  1. Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыс бағыты әкімшілік тарапынан қадағаланып, жандандырылсын.
  2. 9-11 сынып оқушылары арасында ҰБТ, қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыру жұмыс бағыты мектиеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы үздіксіз қадағаланып, пән мұғалімдері тарапынан оқушылармен қосымша жұмыстар атқарылсын.Тест қорытындылары үнемі ата-аналарға таныстырылсын.
  3. Мектепішілік педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысы үлгілік қағидаға сай жүргізілсін. 


                                Кеңес төрағасы                                 Ш.Бидайбаев

                                Кеңес мүшелері                                 Г.Даулетбаева

                                                                                       К.Шакибаев

                                                                                       Д.Рысбек

                                                                                       К.Ахашов 

                                                                                       Р.Алпанов

                                                                                       Б.Ниязалиева                                                                

                                                                                       В.Стребкова

                                                                                       Б.Елеуисова

                                       Хатшы                                      М.Маделиев

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив