29
апрель
2022
«Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман» тақырыбында психологиялық тренинг
№48 жалпы орта білім беретін мектебінің психологтары А.Тагайбаева мен М.Музарапова жас мамандармен «Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында ең алдымен мұғалімдерге бір-бірімен сәлемдесу ұсынылды. Бір-біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында. Мұғалімдерге түстер ұсынылды. Олардың таңдауы бойынша, мінездеме берілді. Мұғалімдер өздеріне ұнаған түсті таңдап алды. Олардың таңдауы бойынша, мінездеме берілді. Психогеометриялық тест ұсынылды.
Адамның тұлғалық типін анықтау мақсатында.
Суретте бейнеленген 5 фигура квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. таңдалып, диагностикасы жасалынды.
Тренинг соңында жас мамандарға қосымша ұсыныстар да берілді. Психолог жас мамандарға қызыл жүрекшені, бірінші тұрған ұстаздан бастап берді. Ол бүгінгі психологиялық тренинг туралы өз ойын, алған әсерін ойын білдіріп, жүрекшені келесі мұғалімге берді. Жүрекше барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші жүрекшені өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Жақсы көңіл – күймен тренингті аяқтады.