27
январь
2022
«Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында жас мамандармен коучинг
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде жас мамандар мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 27 қаңтар күні тәлімгер Г.Омарова «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында жас мамандармен коучинг өткізді.
Мақсаты: Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету, әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Коучинг жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында «Психологиялық тренингпен» басталды. Коучинг барысында Г.Омарова «Сабақтың құрылымы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Жас оқытушылардың біліктілігін, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға, бар күш-жігерін жұмсауға баулу және белсенділігін арттыру жөнінде кеңес берді. Мұғалімдердің кәсіби дамуына, әдістемелік біліктілігін жоғарлату, оқу мен оқытуды жетілдіру, оқушылардың дамуы мен қалыптасуына жағдай жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында педагог-тәлімгер сыныптағы оқушылардың оқуын жақсарту үшін мұғалімдер нені оқыту керек және қалай оқыту керектігі туралы мәлімет бере отырып, жас мамандарға бүгінгі қоғамға қажет жаңа мұғалім моделін қорғатты. Жас мамандар іс-шараға белсенділік танытып қатысты. Соңында кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісті.