Әлеуметтік қызметінің 2023 жылдың қазан айында өгей әке-шешесімен тұратын балалармен атқарған жұмысы
№48 ЖОББМ әлеуметтік қызметінің 2023 жылдың қазан айында өгей әке-шешесімен тұратын
балалармен атқарған жұмысы туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 06.10.2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы №48 жалпы орта білім беретін мектебі әлеуметтік қызметінің әлеуметтік қызметінің 2019-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу бойынша ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына (Жол картасы) сәйкес №48 ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогы М.Маделиев 2023 жылдың қазан айының 5-6 күндері мектеп әкімшілік мүшелері және Ойтал ауылдық округ мамандарымен бірлесе отырып мектепте білім алып отырған өгей әке-шешелерімен тұратын білім алушылардың, оның ішінде қыз бала білім алушылардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша отбасыларына тексеріс жүргізді. Іс-шараның мақсаты: уәкілетті органдармен азаматтық қоғамның арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өзара іс-қимыл жасау механизмін қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне қатысты қойған міндеттерді орындау мақсатында жергіліктің атқарушы органдарының профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру.
Бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылдың қыркүйек айында мектептің әлеуметтік қызмет мамандары өгей әке-шешесімен тұратын 14 білім алушыны, оның ішінде өгей әке-шешесімен тұратын 4 қыз бала білім алушыны анықтап, тізімдер мектеп басшысымен бекітілді. Іс-шара барысында арнайы комиссия құрамы мөлтекауданда өгей әке-шешесімен тұратын сол білім алушылардың тұрғылықты мекен-жайларында болып, отбасылардың әлеуметтік- тұрмыс жағдайы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас деңгейін тексеріп, зерделеді.
Атап айтқанда, комиссия мүшелері Ойтал ауылы, Жеңіс көшесі, №16 үйде өгей шешесімен тұратын 3 «д» сынып білім алушысы Шил Арианна Владимировнаның, Ойтал ауылы, Қ.Сыбанбаев көшесі, №43 үйде өгей әкесімен тұратын 9 «в» сынып білім алушысы Шотай Аяулым Көпбосынқызының, Ойтал ауылы, Ізгілік көшесі, №64 үйде өгей әкесімен тұратын 7 «д» сынып білім алушысы Елеусинов Алан Булатович пен Ойтал ауылы, Жастар көшесі, №12- үйде өгей әкесімен тұратын 7 «г» сынып білім алушысы Басакин Максим Алексеевичтің отбасыларында болып балалардың ата-аналарымен, отбасы мүшелерімен кездесіп, кездесу барысында отбасы мүшелерімен бүгінгі
күнде елімізде өзекті болып отырған «өгей әке, өгей шеше» мәселесі жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларға Қазақстан Республикасының Заңнамалары, мектептің ішкі тәртіп Ережесі айтып түсіндіріліп, ата-ана мен баланың құқығы, міндеттері, әрбір ата-ана немесе заңды тұлға бала кәмелет жасына толғанға дейін оның тәрбиесіне, сапалы білімі алуына тікелей жауапты екендігін кезекті рет айтып, ескертіп, аталған балалардың ата-анасы мен өгей әке-шешелерімен тиісті профилактикалық әңгімелер жүргізілді
Аталған жұмыс бағыты сондай-ақ, өгей әкелерімен тұрып жатқан білім алушылардың ата-аналары және өгей әкелерімен де жүргізілді.
Балалардың ата-ана мен өгей әке-шешелермен әңгіме барысында аталған балалардың өгей әке-шешелерімен отбасылық қарым-қатынасы жақсы екендігі және олардың тарапынан балаларға ешбір моральдық немесе физикалық қысым көрсетіліп отырмағандығы анықталды.Тексеріс соңында мектеп әкімшілігі мен әлеуметтік педагог барлық тарапқа аталған жұмыс бағытына байланысты тексерулер үнемі болып тұратынын, аталған отбасы мен ондағы тәрбиеленіп отырған балалар үнемі мектеп әкімшілігі тарапынан қадағалауда болатынын кезекті рет айтып ескертті.
Тексеріс нәтижелері бойынша тиісті актілер толтырылды.