01
сентябрь
2023
«Мектебім-мейірім мекені!»
2023 жылы 1 қыркүйек күні сағат 09.00-де №48 жалпы орта білім беретін мектебінде Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиынның ашылуы болып өтті. Мектеп алаңы шарлармен және гүлдермен безендірілді. АӘД пәнінің мұғалімі Ағыбаев Өркен мектеп білім алушыларын сыныптар бойынша сапқа тұрғызды. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер, 1-сынып білім алушылары алаңға шақырылып, салтанатты жиын ашық деп жарияланды. АӘД пәні мұғалімі Ағыбаев Өркеннің бұйрығымен ҚР Мемлекеттік Туы енгізіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды.
Салтанатты жиынға шақырылған қонақтар: аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесі басшысының у.м.а. Мұсабеков Айбек Бақтыбайұлы, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, мектебіміздің кураторы Бопиева Сапаркуль Турганбаевна. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры – Ахметбеков Берік Ахметбекұлына берілді. Мектеп басшысы ұстаздар мен білім алушыларға жаңа оқу жылында үлкен табыстар мен жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесі басшысының у.м.а. Мұсабеков Айбек Бақтыбайұлы, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, мектебіміздің кураторы Бопиева Сапаркуль Турганбаевна барша білім алушыларды Білім күнімен құттықтады.
Мектебіміздің білім алушылары Нұралы Жансұлу мен Ұзан Медина, Асылмұратұлы Диар мен Джолдыбек Дариға «Ұстазым» әнін және Ерсаин Мағжан «Мектебім» әнін шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Биылғы жылғы мектеп бітіруші түлектеріміз, 11-сынып білім алушылар өздерінің жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты жиында жаңа оқу жылының «Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі» 11-сынып білім алушылары Тұрар Жаннұр, Абдыкаим Жанель мен 1-сынып білім алушылары Бейсеналы Тәуекел мен Сатыбалды Аминаға тапсырылды.Сонымен қатар 1-11 сыныптарда «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.