«Талантты ұстаз- талапты шәкірт» фестивалі » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » «Талантты ұстаз- талапты шәкірт» фестивалі
16
май
2025

«Талантты ұстаз- талапты шәкірт» фестивалі









48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 16 мамыр күні оқу жылының аяқталуына байланысты «Талантты ұстаз- талапты шәкірт» фестивалі өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Б.Ахметбеков құттықтау сөзімен ашты.   Өткізілген фестиваль  барысында биылғы 2024-2025 оқу жылындағы аудандық жетістікке жеткен 43 оқушы, облыс көлемінде 16 оқушы пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған дарынды білім алушылар марапатталды. 

Әртүрлі спорттық жарыстардың жүлдегерлері «Спортшылар шеруін»,   сондай- ақ мектебіміздің «Жас сақшылары» ортаға патриоттық әнмен сап түзеп шығып, іс-шараның мазмұнын аша түсті.

Білім  мен спорт бәйгесінің оза шапқан жүйріктеріне мадақтама және «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасына орай сыйлыққа көркем-әдеби, құнды кітаптар сыйлыққа берілді.

«Бұлақ көрсең- көзін аш» демекші, талапты шәкіртті саналы тәрбие мен сапалы білім нәрімен сусындатып, биікке ұмтылдырып келе жатқан   талантты пән мұғалімдерінің еңбектері де бағаланды. Білім алушылары жоғары нәтиже көрсеткен және кәсіби жетістігі бар 24 мұғалімді салтанатты түрде марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. «Жыл үздігі-2025» марапатымен қоса, мектеп директорының алғыс хаты берілді.

Іс-шара барысында өнерлі шәкірттеріміз ән-би, мәнерлеп оқу өнерлерін көрсетті.

Оқу жылын қорытындылау, педагог әлеуетін, дарынды білім алушыларды ынталандыру, шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылған фестиваль жоғары деңгейде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив