«Үздік пән кабинеті - 2025» » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » «Үздік пән кабинеті - 2025»
23
май
2025

«Үздік пән кабинеті - 2025»







          2024-2025 оқу жылының ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Үздік пән кабинеті - 2025» байқауы өткізілді. Мақсаты: педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби педагогикалық шығармашылықтарын  ынталандыру және инновациялық идеялар мен жетістіктерді насихаттау. 

         Байқау ережесіне сәйкес кабинет меңгерушілері кабинет төлқұжатын,  даму жоспарын және кабинет қауіпсіздігінің ережесі мен журналын көрсетті. Сонымен қатар мектеп әкімшілігінен құралған комиссия мүшелері кабинеттің жабдықталуын (стендтердің болуы, гүл отырғызу, кабинеттің санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы), кабинеттің эстетикалық безендірілуін, кабинет кітапханасы мен әдістемелік құралдар қорынының (әдістемелік бұрыштар, көрнекі құралдар қоры, электронды құралдар, тақырыптық папкалар) болуын тексерді. Атап өту керек, байқауға дайындық барысында кабинеттердің стендтері жаңартылып, дидактикалық көрнекіліктер қоры толықтырылған.

         Байқау нәтижесі бойынша №14 «Бастауыш» кабинеті «Үздік пән кабинеті-2025» атанды. I орынды №9 «Көркем еңбек» кабинеті, II орынды №28 «Информатика» кабинеті, III орынды №11 «Мектепалды сынып» кабинеті мен Спорт зал иеленді. Кабинет меңгерушілеріне арнайы дипломдармен бірге электронды және қабырға сағаттары сыйға берілді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив