«Үздік пән кабинеті - 2022»
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Үздік пән кабинеті 2022»
байқауының өткізілгені туралы
АНЫҚТАМА
2021-2022 оқу жылының ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Үздік пән кабинеті - 2022» байқауы өткізілді. Мақсаты: педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби педагогикалық шығармашылықтарын ынталандыру және инновациялық идеялар мен жетістіктерді насихаттау.
Байқау ережесіне сәйкес кабинет меңгерушілері кабинет төлқұжатын, даму жоспарын және кабинет қауіпсіздігінің ережесі мен журналын көрсетті. Сонымен қатар мектеп әкімшілігінен құралған комиссия мүшелері кабинеттің жабдықталуын (стендтердің болуы, гүл отырғызу, кабинеттің санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы), кабинеттің эстетикалық безендірілуін, кабинет кітапханасы мен әдістемелік құралдар қорынының (әдістемелік бұрыштар, көрнекі құралдар қоры, электронды құралдар, тақырыптық папкалар) болуын тексерді. Атап өту керек, байқауға дайындық барысында бастауыш сынып кабинетінің шкафы ауыстырылса, робототехника мен қазақ тілі кабинетінің стендтері түгел жаңартылды. Байқаудың соңғы кезеңінде кабинет меңгерушілері өз кабинеттері туралы презентация қорғады.
Байқау нәтижесі бойынша «Бастауыш сынып» кабинеті «Үздік пән кабинеті-2022» атанды. I орынды «Робототехника» кабинеті, II орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинеті, III орынды «Химия» мен «Математика» кабинеттері иеленді. Кабинет меңгерушілеріне кабинетке қажетті сыйлықтар берілді.